Орнату

Орнату

8. Су жеткізу шлангісінің басқа ұшын кір жуу машинасының артындағы енгізу клапанына жалғаңыз. Бекіту үшін шлангіні сағат тілі бойынша бұрыңыз.

9. Су шүмегін ашып, жалғанған аймақтан су ақпайтынын тексеріңіз. Су ағатын болса, жоғарыдағы қадамдарды қайталаңыз.

ЕСКЕРТУ

Су ақса, кір жуу машинасын пайдалануды тоқтатыңыз және жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Әйтпесе, бұл электр тогінің соғуына себеп болуы мүмкін.

АБАЙЛАҢЫЗ

Су жеткізу шлангісін күштеп созбаңыз. Шланг тым қысқа болса, шлангіні ұзынырақ, жоғары қысымға шыдамды шлангімен ауыстырыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Су құятын түтікті адаптерге жалғап болғаннан кейін, су құятын түтікті төмен қарай тартып, дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.

Су шүмегінің ең көп тараған түрін пайдаланыңыз. Ағымдағы шүмек квадрат тәрізді немесе тым үлкен болса, шүмекті адаптерге енгізуден бұрын бөлетін сақинаны алып тастаңыз.

22 Қазақша

WD70J5410AW_03588E-03_KK.indd 22

2017/3/2 15:11:44

Page 142
Image 142
Samsung WD70J5410AW/LD manual 22 Қазақша