3-ҚАДАМ - Өзгермелі тіректерді реттеу

Кір жуғыш машинаны орнатқан кезде ашаға, су құятын және төгетін түтіктерге қол оңай жететініне көз жеткізіңіз.

1.Кір жуғыш машинаны орнына сырғытып апарыңыз.

2.Гайка кілтімен бекітпе гайкаларының барлығын босатыңыз.

3.Кір жуғыш машинаның деңгейін, өзгермелі тіректерді қажетінше қолмен бұрап реттеңіз.

4.Машинаның деңгейі дұрыс болған кезде, гайка кілтімен гайкаларды

бекітіңіз.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Егер бекітпе гайкалары қатайтылып тұрмаса, кір жуғыш машинаны жылжытпаңыз. Себебі деңгейлеу тіректеріне зақым келуі мүмкін.

4-ҚАДАМ - Су құятын және төгетін түтіктерді жалғау

Су құятын түтікті жалғау

ЕСКЕРТУ: Бірнеше су құятын түтіктерді бірге жалғамаңыз. Себебі су ағуы, аққан суға байланысты электр қатері орын алуы мүмкін. Егер түтік тым қысқа болса, орнына ұзынырақ, жоғары қысымға арналған түтікті салыңыз.

1.Суық су түтігіне арналған L-пішімді тетікті, кір жуғыш машинаның артындағы суық су құйылатын жерге жалғаңыз. Содан кейін (A) бөлігін сағат тілінің бағытымен қолмен бұрап қатайтыңыз.

(*): Опция

A

2. (B) адаптерін су құятын түтіктің (C) екінші жағынан ағытып алыңыз.

B

C

Казақ - 15

02 ПАРАМЕТРЛЕРДІ ОРНАТУ

F500E-03367T-00_KK.indd 15

6/23/2016 2:23:47 PM

Page 107
Image 107
Samsung WF90F5EGU4W/LP manual Қадам Өзгермелі тіректерді реттеу, Қадам Су құятын және төгетін түтіктерді жалғау, Опция