Жуғыш зат үлестіргішіне қатысты нұсқаулар
Кір жуғыш машинаның үш бөліктен тұратын үлестіргіші бар: сол жақ бөлігі негізгі жуғыш затқа, алдыңғы оң жақ бөлігі мата жұмсартқышқа және артқы оң жақ бөлігі алдын ала жуғыш затқа арналған.
Алдын ала жуғыш затқа арналған бөлік
Негізгі жуғыш затқа арналған бөлік: ұнтақ жуғыш заттарға, су жұмсартқыштарға, алдын ала жібіткіш заттарға, ағартқышқа және дақ кетіргіштерге арналған
Мата жұмсартқышқа арналған бөлік
АБАЙЛАҢЫЗ
•Кір жуғыш машина жұмыс істеп тұрған кезде жуғыш зат үлестіргішін ашпаңыз.
•Жуғыш заттың келесі түрлерін пайдаланбаңыз:
•Таблетка немесе капсула түріндегі заттарды
•Шарик немесе тор түріндегі заттарды
•Үлестіргішке жуғыш зат кептеліп қалмау үшін концентрат немесе қатты байытылған заттарды (мата жұмсартқыш немесе жуғыш зат) суға ерітіп алғаннан кейін пайдалану керек.
Жуғыш зат үлестіргіші кір жуғыш машинаның үстіңгі сол жақ бұрышында орналасқан.
1.Жуғыш зат үлестіргішін ашу үшін сырғытып ашыңыз.
2. Сол жақ бөлікке жуғыш заттан қажетті мөлшерде салыңыз ().
Сұйық жуғыш затты пайдалану үшін келесі Сұйық жуғыш заттарға қатысты нұсқауларды қараңыз.
3.Егер қажетті болса, алдыңғы оң жақ бөлікке мата жұмсартқыштан қажетті мөлшерде салыңыз ().
Бөлікте көрсетілген макс. сызығынан () асырмай салыңыз.
Казақ - 22
6/13/2017 3:53:40 PM