Қауіпсіздікке қатысты маңызды ескертулер

ЕСКЕРТУ: Осы құрылғыны пайдаланған кезде өрт, электр немесе жарақат алу қатерін азайту үшін, негізгі сақтық шараларын, соның ішінде келесі шараларды орындаңыз:

1.Бұл құрылғыны кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем немесе құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар (балаларды қоса алғанда) пайдаланбауға және өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша ғана пайдалануға тиіс.

2.Еуропада пайдалану үшін: Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқандар ғана қолдануға тиіс және кембағал, сезім жүйесі дамымаған немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар құрылғыны қауіпсіз қолдану, қатерлі жағдайлар туралы нұсқау алса немесе тиісті адамның қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс. Балалар құрылғымен ойнамауға тиіс. Балалар үлкендердің қарауынсыз тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын орындамауға тиіс.

3.Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.

4.Егер қорек сымына зақым келсе, қауіп - қатердің алдын алу үшін оны өндіруші, оның қызмет көрсету технигі немесе білікті маман ауыстыруға тиіс.

5.Құрылғымен бірге жеткізілген түтіктер жинағын ғана пайдалану керек, ескі түтіктер жинағын пайдалануға болмайды.

6.Желдеткіш саңылаулары табанында орнатылған құрылғылардың саңылауларын кілем бітеп тастамауға тиіс.

7.Еуропада пайдалану үшін: 3 жасқа толмаған балаларды үздіксіз бақылап отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.

8.АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Қуатпен жабдықтау жүйесі кенет тоқтап қалған кезде орын алуы мүмкін қауіп-қатерге жол бермеу үшін, құрылғы сырттан сөндіру құралымен, мысалы, таймермен жабдықталмауға немесе мезгіл-мезгіл қосылып-сөндіріліп тұратын қуат желісіне қосылмауға тиіс.

Казақ - 4

Untitled-26 4

6/13/2017 3:53:32 PM

Page 100
Image 100
Samsung WW12H8400EW/LP Қауіпсіздікке қатысты маңызды ескертулер, Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек