Смарт тексеру

Бұл функцияны пайдалану үшін әуелі Samsung Smart Washer бағдарламалық жасақтамасын Play Store немесе Apple Store дүкенінен сатып алып, камера функциясы бар ұялы құралға орнатыңыз.

Smart Check (Смарт тексеру) функциясы келесі құралдар үшін оңтайландырылған: Galaxy және iPhone сериялары (кей үлгілерде қолдау көрсетілмейді)

Кір жуғыш машина фондық режимде тұрып өзіндік диагностика функциясын орындайды да, егер қате табылса, сол қате кодын көрсетеді. Бұндай жағдайда мына қадамдарды орындаңыз:

1.Samsung Smart Washer бағдарламалық жасақтамасын ұялы құрылғы арқылы қосыңыз да, Smart Check (Смарт тексеру) параметрін түртіңіз.

2.Ұялы құралды кір жуғыш машинаның дисплейіне апарып, ұялы құрылғы мен кір жуғыш машинаны бір-біріне қаратып ұстап тұрыңыз. Содан кейін, бағд. жасақтама ақау кодын автоматты түрде таниды.

3.Ақау кодын дұрыс танығаннан кейін, бағд. жасақтама қатеге қатысты толық ақпаратты, бұдан кейін орындалатын қадамдармен бірге көрсетеді.

Таңдалған тілге қарай Smart Check (Смарт тексеру) функциясының атауы әр түрлі болуы мүмкін.

Егер кір жуғыш машинаның дисплейіне жарық шағылысса, бағд. жасақтама қате кодын тани алмай қалуы мүмкін.

Егер бағд. жасақтама Smart Check (Смарт тексеру) кодын бірнеше рет тани алмаса, қате кодын бағд. жасақтама бейнебетіне қолдан енгізіңіз.

Казақ - 34

Untitled-26 34

6/13/2017 3:53:44 PM

Page 130
Image 130
Samsung WW12H8400EW/LP, WW12H8400EX/LP manual Смарт тексеру