Мұздап қалғанда қалпына келтіру
Кір жуғыш машинаның температурасы 0 °C градустан төмендесе қатып қалуы мүмкін.
1.Кір жуғыш машинаны сөндіріп, қуат сымын ағытыңыз.
2.Су құятын түтікті босату үшін су шүмегінің үстіне жылы су құйыңыз.
3.Су құятын түтікті ағытып алып, жылы суға салып қойыңыз.
4.Барабанға жылы су құйып, шамамен 10 минут қоя тұрыңыз.
5.Су құятын түтікті су шүмегіне қайта жалғаңыз.
Кір жуғыш машина сонда да қалыпты жұмыс істемесе, қалыпты жұмыс күйіне келгенше жоғарыда көрсетілген әрекеттерді қайталаңыз.
Ұзақ уақыт пайдаланбаған кезде күтім көрсету
Кір жуғыш машинаны ұзақ уақыт пайдаланбай қалдырмауға тырысыңыз. Бұндай жағдайда, кір жуғыш машинаның суын төгіп, қуат сымын ағытыңыз.
1.ПОЛОСКАНИЕ+ОТЖИМ (ШАЮ+АЙНАЛДЫРУ) циклын таңдау үшін Цикл таңдау тетігін бұраңыз.
2.Барабанды босатып, Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз.
3.Режим аяқталған кезде судың шүмегін жауып, су құятын түтікті ағытыңыз.
4.Кір жуғыш машинаны сөндіріп, қуат сымын ағытыңыз.
5.Есікті ашып барабанның ішіне ауа кіргізіңіз.
Казақ - 39
КҮТІМ КӨРСЕТУ
6/13/2017 3:53:47 PM