Қоқыс сүзгісі
Қоқыс сүзгісі бітеліп қалмау үшін жылына 5 немесе 6 рет тазалауды ұсынамыз. Сүзгіге қоқыс тұрып қалса, көпіршік әсері азаюы мүмкін.
1.Кір жуғыш машинаны сөндіріп, қуат сымын ағытыңыз.
2.Барабанның ішінде қалған суды “Төтенше жағдайда су төгу” тарауын
3.Тиынды немесе кілтті пайдаланып сүзгінің қақпағын ашыңыз.
4.Қоқыс сүзгісінің қақпағын солға қарай бұрап, қалған суды төгіңіз.
5.Қоқыс сүзгісін алыңыз.
6.Қоқыс сүзгісін жұмсақ шөткені пайдаланып тазалаңыз. Сүзгінің ішіндегі
су төгетін сорғының қалақшасына қоқыс тұрмағанына көз жеткізіңіз.
7. Қоқыс сүзгісін қайта салып, сүзгінің қақпағын оңға бұраңыз.
•Қауіпсіздік сүзгісінің қақпағын ашу үшін оны басып тұрыңыз да, сағат тілінің бағытына қарсы айналдырыңыз. Қақпақтың серіппесі
қақпақты ашуға көмектеседі.
• Қауіпсіздік сүзгісінің қақпағын жабу үшін сағат тілінің бағытымен бұраңыз. Серіппеден тарсылдаған дыбыс шығуы мүмкін, бұл қалыпты жағдай.
• Егер қоқыс сүзгісіне қоқыс тұрып қалса, дисплейде “5E” ақау коды көрініс береді.
АБАЙЛАҢЫЗ
•Сүзгіні тазалағаннан кейін сүзгі қақпағының дұрыс жабылғанын тексеріңіз. Себебі, су ағып кетуі мүмкін.
•Сүзгіні тазалағаннан кейін дұрыс орнатылғанын тексеріңіз. Себебі, жұмысқа қатысты ақау пайда болуы немесе су ағуы мүмкін.
Казақ - 37
КҮТІМ КӨРСЕТУ
6/13/2017 3:53:46 PM