Іске кірісу алдында

Іске кірісу алдында

ҚАДАМ: 2 Қалталарды босату

Киімдердің барлығының қалталарын босатыңыз.

Киімдегі тиын, түйреуіш және қапсырма тәрізді темір заттар басқа киімдерге, сонымен қатар барабанға зақым келтіруі мүмкін.

Түймелері және жиектемелері бар киімдердің астарын сыртына аударыңыз.

Шалбарлардың немесе күртешелердің тартпалары жуған кезде салынбай тұрса, барабанға зақым келуі мүмкін. Тартпаларды салып, баумен бекіту керек.

Ұзын бауы бар киімдер басқа киімдерге байланып қалуы мүмкін. Киімнің бауларын жумай тұрып міндетті түрде байлаңыз.

ҚАДАМ: 3 Кір жууға арналған торды пайдалану

Төс тартқышты (машинамен жуылатын) кір жууға арналған торға салу керек. Төс тартқыштың темір бөліктері тесіп, басқа кірлерді бүлдіруі мүмкін.

Нәски, қолғап, шұлық және бет орамал тәрізді кішкене, жеңіл заттар есіктің арасына қыстырылып қалуы мүмкін. Оларды кір жууға арналған торға салыңыз.

Кір жууға арналған торды кір салмай жумаңыз. Себебі машина қалыптан тыс дірілдеп, орнынан жылжып, адам жарақат алуы мүмкін.

ҚАДАМ: 4 Алдын ала жуу (қажет болса)

Кір қатты кірлеген болса, таңдалған цикл үшін Алдын ала жуу опциясын таңдаңыз. Алдын ала жуу опциясын таңдаған кезде, негізгі жуу бөліміне ұнтақ жуғыш заттан салыңыз.

ҚАДАМ: 5 Салынатын кірдің мөлшерін анықтау

Кір жуғыш машинаны шамадан тыс толтырмаңыз. Өте көп кір салынса, кір жуғыш машина дұрыс жумауы мүмкін. Киім түрлеріне арналған салмақ мөлшерін 35-беттен қараңыз.

ЕСКЕРІМ

Төсек жабдығын немесе төсек жапқыштарды жуғанда, жуу уақыты ұзаруы немесе айналдыру тиімділігі төмендеуі мүмкін. Төсек жабдықтарын немесе ақжаймаларды жуу үшін ұсынылатын ең үлкен айналдыру циклы 800 мин/айн және салмақ 2,0 кг немесе бұдан аз.

НАЗАР САЛЫҢЫЗ

Кірдің теңгерімі жоқ болса "Ub" ақпарат коды көрсетіледі, кірді таратып салыңыз. Егер кірдің теңгерімі жоқ болса, айналдыруға әсер етеді.

26 Казақ

Untitled-45 26

2017-06-26 ￿￿ 5:43:35

Page 146
Image 146
Samsung WW90J5446FW/LP, WW90J5446FX/LP manual ҚАДАМ 2 Қалталарды босату, ҚАДАМ 3 Кір жууға арналған торды пайдалану