Орнату

Орнатуға қойылатын талаптар

Орнату

Электр қосылымы және жерге қосу

АТ 220-240 В / 50 Гц сақтандырғыш немесе айырып-қосқыш қажет.

Кір жуғыш машинаға арналған жеке айырып- қосқышты қолданыңыз.

Кір жуғыш машинаңыз, жерге дұрыс тұйықтау үшін жерге дұрыс қосылған розеткаға сұғуға арналған, үш істікшелі жерге қосылатын ашамен жабдықталған.

Жерге тұйықтауға қатысты күмәніңіз болса, білікті электршіге немесе қызмет көрсету технигіне хабарласыңыз.

Жинақпен берілген ашаға өзгеріс енгізбеңіз. Егер аша розеткаға сәйкес келмесе, дұрыс розетка орнату үшін білікті электршіні шақырыңыз.

ЕСКЕРТУ

Ұзартқыш сымды ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.

Кір жуғыш машинамен бірге жеткізілетін қорек сымын ғана пайдаланыңыз.

Жерге қосылатын сымды ешқашан пластик құбыр жүйесіне, газ жүйесіне не ыстық су құбырына ЖАЛҒАМАҢЫЗ.

Жерге дұрыс тұйықталмаған өткізгіштер электр тоғын өткізуі мүмкін.

Сумен жабдықтау

Осы машинаға сай келетін су қысымы 50 кПа және 800 кПа арасында. 50 кПа-дан аз су қысымы су клапанының дұрыс жабылмауына әкелуі мүмкін. Немесе барабанды толтыруға көбірек уақыт қажет болып, машинаның сөніп қалуына әкелуі мүмкін. Су шүмектеріне машинамен бірге жеткізілген су құятын түтіктер жетуі үшін, су шүмектері кір жуғыш машинаның арт жағынан 120 см-ден қашық емес жерде орналасуға тиіс.

Су жылыстап ағу қаупін азайту үшін:

Су шүмектеріне қол оңай жететініне көз жеткізіңіз.

Кір жуғыш машинаны пайдаланбаған кезде шүмектерді жауып қойыңыз.

Су құятын түтік фитинглерінен су жылыстап ағып тұрмағанын уақытылы тексеріңіз.

НАЗАР САЛЫҢЫЗ

Кір жуғыш машинаны ең алғаш пайдалану алдында, су клапанындағы және шүмектердегі барлық қосылымдарды тексеріп, су ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.

Суды төгу

Samsung биіктігі 60-90 см тік құбырды қолдануды ұсынады. Су төгетін түтікті түтіктің қапсырмасы арқылы өткізіп тік құбырға қосу керек және тік құбыр су төгетін түтікті толығымен жауып тұруы керек.

16 Казақ

Untitled-45 16

2017-06-26 ￿￿ 5:43:31

Page 136
Image 136
Samsung WW90J5446FW/LP manual Орнатуға қойылатын талаптар, Электр қосылымы және жерге қосу, Сумен жабдықтау, Суды төгу