8. Су түтігінің екінші ұшын, кір жуғыш машинаның артында орналасқан су құятын клапанға жалғаңыз. Түтікті сағат тілінің бағытымен бұрап қатайтыңыз.

9. Судың шүмегін ашыңыз да, қосылған жерлерден ешбір су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз. Егер су жылыстап ақса, жоғарыдағы қадамдарды қайталаңыз.

ЕСКЕРТУ

Су жылыстап ақса, кір жуғыш машинаны пайдалануды тоқтатып, электр көзінен ағытыңыз. Содан кейін жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бұлай істемеген жағдайда электр қатері орын алуы мүмкін.

НАЗАР САЛЫҢЫЗ

Су құятын түтікті күшпен созбаңыз. Егер түтік тым қысқа болса, орнына ұзынырақ, жоғары қысым түтігін салыңыз.

ЕСКЕРІМ

Су түтігін адаптерге қосқаннан кейін, оның дұрыс жалғанғанын су түтігін төмен тартып тексеріңіз.

Жиі қолданылатын шүмек түрін пайдаланыңыз. Егер шүмек текше пішінді немесе тым үлкен болса, тығыздағыш шығырықты шүмекті адаптерге кіргізбей тұрып алыңыз.

Орнату

Казақ 21 

Untitled-45 21

2017-06-26 ￿￿ 5:43:33

Page 141
Image 141
Samsung WW90J5446FX/LP, WW90J5446FW/LP manual Казақ 21