Samsung WW90M64LOPO/LP, WW90M64LOPA/LP manual Samsung Connect, Wi-Fi байланысы, Жүктеп алу

Models: WW90M64LOPO/LP WW90M64LOPA/LP

1 204
Download 204 pages 35.35 Kb
Page 110
Image 110

Операциялар

Операциялар

Samsung Connect

Wi-Fi байланысы

Смартфоныңызда Параметрлер мәзіріне өтіңіз, сымсыз байланысты қосыңыз да, AP (кіру нүктесі) таңдаңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Бұл құрылғы тек тұрмыстық мақсатта (B класы) пайдалануға арналған және барлық қалған аймақтарда пайдаланылмайды.

Бұл құрылғы сымсыз кедергіге себеп болуы мүмкін, сондықтан осы құрылғының өндірушісі немесе орнатушысы қандай да бір қауіпсіздік шарасын қамтамасыз етеді.

Ұсынылған шифрлау әдістері: WPA/TKIP және WPA2/AES. Жаңадан әзірленген Wi-Fi протоколдары немесе мақұлданбаған Wi-Fi протоколдары қолданылмайды.

Сымсыз желінің қабылдау сезімталдығына қоршаған сымсыз орталар әсер етуі мүмкін.

Егер Интернет провайдеріңіз компьютеріңіздің немесе модемнің MAC мекенжайын тұрақты пайдалану үшін тіркесе, Samsung кір жуатын машинаңыз Интернетке қосылуы сәтсіз аяқталады. Мұндай жағдайда, Интернет провайдеріңізге хабарласыңыз.

Интернет брандмауэрі интернет байланысына кедергі келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайда, Интернет провайдеріңізге хабарласыңыз.

Интернет провайдерінің шараларынан кейін де Интернетке қосылу сәтсіз аяқталса, жергілікті Samsung сатушысына немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Сымды немесе сымсыз роутерлер орнату үшін пайдаланатын роутердің пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

Samsung кір жуатын машинасы Wi-Fi 2,4 ГГц протоколын қолдайды.

Samsung кір жуатын машинасы IEEE802.11 b/g/n (2,4 ГГц), Soft-AP протоколдарын қолдайды.

(IEEE802.11n ұсынылады)

Мақұлданбаған сымды/сымсыз роутер Samsung кір жуатын машинасына қосылмауы мүмкін.

Жүктеп алу

Қолданба маркетін (Google Play Store, Apple App Store, Samsung Galaxy Apps) ашыңыз да, Samsung Connect қолданбасын “Samsung Connect” деп іздеу арқылы табыңыз. Қолданбаны құрылғыңызға жүктеп алыңыз және орнатыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Samsung Connect қолданбасы Android OS 6.0 (Marshmallow) немесе жоғары нұсқадағы үшінші тарап құрылғыларында, Android OS 5.0 (Lollipop) немесе жоғары нұсқадағы Samsung құрылғыларында және iOS 10.0 немесе жоғары нұсқадағы iOS құрылғыларында қолжетімді. iPhone-дар үшін ол iPhone 6 немесе одан жоғары болуы керек. Қолданба Samsung смартфондарына (Galaxy S және Note сериялары) оңтайландырылған.

Қолданбаның кейбір функциялары үшінші тарап құрылғыларында жұмыс істемеуі мүмкін.

Қолданба жақсартылған өнімділік үшін ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

42 Қазақша

WW90M64LOPA_DC68-03863J-00_KK.indd 42

2018/1/30 13:53:36

Page 110
Image 110
Samsung WW90M64LOPO/LP, WW90M64LOPA/LP manual Samsung Connect, Wi-Fi байланысы, Жүктеп алу