Samsung WW90M64LOPO/LP manual Қауіпсіздік туралы ақпарат, Қауіпсіздік жайында не білуіңіз керек

Models: WW90M64LOPO/LP WW90M64LOPA/LP

1 204
Download 204 pages 35.35 Kb
Page 72
Image 72

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Жаңа Samsung кір жуғыш машинаңыз құтты болсын! Осы Нұсқаулықта машинаңызды орнату, пайдалану және оған қызмет көрсету бойынша маңызды ақпараттар бар. Кір жуғыш машинаңыздың көп мүмкіндіктері мен функцияларын толық қолдану үшін, осы пайдаланушы нұсқаулығын оқып шығуға сәл уақыт бөліңіз.

Қауіпсіздік жайында не білуіңіз керек

Жаңа құрылғыңыздың кең ауқымды мүмкіндіктері мен функцияларын қауіпсіз және тиімді пайдалану жолдарын білетініңізге көз жеткізу үшін осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Нұсқаулықты кейін қарап жүру үшін құрылғыға жақын, сенімді жерде сақтаңыз. Машинаны Пайдалану бойынша нұсқаулықта сипатталған мақсаттарда ғана қолданыңыз.

Осы нұсқаулықтағы ескертулер мен қауіпсіздік шаралары мен жағдайларды толық қамтымайды. Кір жуғыш машинаны орнату, оған күтім көрсету және іске қосу барысында сақ болу, қарапайым сақтық шараларын сақтау сіздің жауапкершілігіңізде.

Себебі келесі іске пайдалану нұсқаулары әр түрлі үлгілерге арналған, сондықтан кір жуғыш машинаңыздың техникалық параметрлері, осы нұсқаулықта сипатталған үлгілерден сәл өзгеше болуы және ескерту белгілерінің кейбіреуі сіздің құрылғыңызға қатысты болмауы мүмкін. Сұрағыңыз немесе өзіңізді толғандырып жүрген мәселе болса, жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз немесе www.samsung.com веб-сайтынан анықтама және ақпарат алыңыз.

Маңызды қауіпсіздік белгілері

Осы тұтынушы нұсқаулығында қолданылатын белгілер мен таңбалар төмендегілерді білдіреді:

ЕСКЕРТУ

Дұрыс пайдаланбау немесе қауіпсіздік шараларын сақтамау ауыр жарақат алуға немесе өлімге әкелуі мүмкін.

АБАЙЛАҢЫЗ

Дұрыс пайдаланбау немесе қауіпсіздік шараларын сақтамау жеңіл жарақат алуға немесе мүліктің бүлінуіне әкелуі мүмкін.

ЕСКЕРТПЕ

Адам жарақаттану немесе заттың зақымдалу қаупі бар екенін көрсетеді.

4 Қазақша

WW90M64LOPA_DC68-03863J-00_KK.indd 4

2018/1/30 13:53:27

Page 72
Image 72
Samsung WW90M64LOPO/LP Қауіпсіздік туралы ақпарат, Қауіпсіздік жайында не білуіңіз керек, Маңызды қауіпсіздік белгілері