Жүйеге кіру

Samsung Connect қолданбасына Samsung есептік жазбаңызбен кіруіңіз керек. Жаңа Samsung есептік жазбасын жасау үшін қолданбадағы нұсқауларды орындаңыз. Есептік жазба жасау үшін бөлек қолданба қажет емес.

ЕСКЕРТПЕ

Егер сізде Samsung есептік жазбасы болса, жүйеге сонымен кіріңіз. Тіркелген Samsung смартфонының пайдаланушысы жүйеге автоматты түрде кіреді.

Құрылғыңызды Samsung Connect қолданбасына тіркеу

1.Смартфоныңыз сымсыз желіге қосылғанына көз жеткізіңіз. Егер солай болмаса, Settings

(Параметрлер) мәзіріне өтіңіз, сымсыз байланысты қосыңыз да, AP (кіру нүктесі) таңдаңыз.

2.Смартфоныңызда Samsung Connect іске қосу үшін таңдаңыз.

3.“A new device is found.” (Жаңа құрылғы табылды.) хабары пайда болған кезде Add (Қосу) пәрменін таңдаңыз.

4.Егер ешқандай хабар пайда болмаса, + таңдаңыз және қолжетімді құрылғылар тізімінен кір жуатын машинаңызды таңдаңыз. Егер тізімде кіру жуатын машинаңыз болмаса, Device Type (Құрылғы түрі) > Specific Device Model (Арнайы құрылғы үлгісі) таңдаңыз, одан кейін кір жуатын машинаңызды қолмен қосыңыз.

5.Кір жуатын машинаңызды Samsung Connect қолданбасына төмендегідей тіркеңіз.

a.Samsung Connect қолданбасына Samsung есептік жазбаңызбен кіріңіз.

b.Wi-Fi байланысын қосыңыз.

c.Кір жуатын машинаңызды Samsung Connect қолданбасына қосыңыз. Кір жуатын машинаңыз Samsung Connect қолданбасына қосылғанына көз жеткізіңіз.

d.Тіркеу аяқталған кезде смартфонда кір жуатын машинаңыз пайда болады.

Кір жуатын машина қолданбасы

Бекітілген басқару элементі: Кір жуатын машинаңызды үйде және жүрген жеріңізде бақылауға және басқаруға болады.

Samsung Connect қолданбасында кір жуатын машина белгішесін таңдаңыз. Кір жуатын машина беті пайда болады.

Кір жуатын машинаңызға қатысты әрекет күйін немесе хабарландыруларды тексеріңіз де, қажет болса опцияларды немесе параметрлерді өзгертіңіз.

Операциялар

Қазақша 43

WW90M64LOPA_DC68-03863J-00_KK.indd 43

2018/1/30 13:53:36

Page 111
Image 111
Samsung WW90M64LOPA/LP manual Жүйеге кіру, Құрылғыңызды Samsung Connect қолданбасына тіркеу, Кір жуатын машина қолданбасы