Бензин, керосин, бензол, бояу сұйылтқыш, спирт не басқа да тұтанғыш немесе жарылғыш зат сіңген заттарды жумаңыз.
-Электр қатері орын алуы, өрт не жарылыс шығуы мүмкін.
Жұмыс істеп тұрған (жоғары температурада жуу/кептіру/айналдыру) кір жуғыш машинаның есігін күшпен ашпаңыз.
-Кір жуғыш машинадан аққан суға күйіп қалуыңыз немесе еден тайғанақ болып кетуі мүмкін.
Нəтижесінде жарақат алуыңыз мүмкін.
-Есікті күшпен ашқанда құрылғы бұзылуы немесе адам жарақат алуы мүмкін.
Кір жуғыш машинаның астына қолыңызды жүгіртпеңіз.
-Нəтижесінде жарақат алуыңыз мүмкін.
Қуат ашасын дымқыл қолмен ұстамаңыз.
-Электр қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны ашасынан тартып сөндіруге болмайды.
-Ашаны қайта розеткаға сұққан кезде жарқыл пайда болып, электр қатері немесе өрт шығуы мүмкін.
Балалар мен дəрменсіз адамдарға, құрылғыны басқа адамның қарауынсыз қолдануға рұқсат бермеңіз. Балаларға құрылғыға өрмелеп шығуға рұқсат бермеңіз
-Бұлай істемегенде, электр қатері орын алуы, адам күйіп не жарақат алуы мүмкін.
Қолыңызды немесе металл затты жұмыс істеп тұрған машинаның астына сұқпаңыз.
-Нəтижесінде жарақат алуыңыз мүмкін.
Құрылғыны қорек сымынан тартып ағытпаңыз, əрқашан ашасынан мықтап ұстап, розеткадан тура суырыңыз.
-Қорек сымына зақым келсе, қысқа тұйықталу, өрт жəне/не электр қатері орын алуы мүмкін.
Құрылғыны өзіңіз жөндеуге, бөлшектеуге немесе өзгертуге əрекеттенбеңіз.
-Стандартты сақтандырғыштан басқа сақтандырғышты (мысалы, мыс, темір орамасы бар т.с.с.) қолданбаңыз.
-Құрылғыны жөндеу немесе қайта орнату қажет болса, жақын қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
-Бұлай істемегенде, электр қатері орын алуы, өрт шығуы, өнімге нұқсан келуі немесе адам жарақат алуы мүмкін.
Егер су тəрізді қандай бір бөгде зат құрылғыға кіріп кетсе, ашаны розеткадан суырып, жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
-Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Егер су құятын шүмекке жалғанған су түтігі босап қалып, құрылғыға су төгілсе, ашаны розеткадан суырыңыз.
-Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Құрылғы ұзақ уақыт қолданыста болмаса немесе найзағай жарқылдап, күн күркіреген кезде құрылғының ашасын розеткадан суырыңыз.
-Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Балаларға (не үй жануарларына) кір жуғыш машинаның ішіне кіріп немесе үстіне шығып ойнауға рұқсат бермеңіз. Кір жуғыш машинаның есігі ішкі жағынан оңай ашылмайды жəне балалар қатты жарақат алуы немесе қамалып қалуы мүмкін.
Казақ - 7
Aegis |