Кірдің салынатын мөлшерін анықтау
Кір жуғыш машинаға өте көп кір салмаңыз, кір дұрыс жуылмай қалуы мүмкін. Қай кірді қанша мөлшерде салуға болатындығын төмендегі кестеге қарап анықтаңыз.
Матаның түрі | Кірдің салынатын мөлшері |
|
|
ХЛОПОК (МАҚТА МАТА) |
|
- орташа/шамалы кірлеген | 6,0 кг |
- қатты кірлеген |
|
СИНТЕТИКА | 2.5 кг |
|
|
ШЕРСТЬ (ЖҮН МАТА) | 2,0 кг |
• Кірдің теңгерімі жоқ болса (дисплейде "UE" жанады) кірді таратып салыңыз. Егер кірдің теңгерімі жоқ болса, айналдыру тиімділігі төмендейді.
•Төсек жабдығын немесе көрпе жапқышты жуған кезде, жуу уақыты ұзаруы немесе айналдыру тиімділігі төмендеуі мүмкін.
•Төсек жабдығын немесе көрпе жапқышты жуғанда, 1,8 (кг) не одан аз етіп салуды ұсынамыз.
Төс тартқышты (сумен жуылатын) кір жууға арналған торға (жеке сатылады) салыңыз.
•Төс тартқыштың темір бөліктері матаны тесіп, оны бүлдіруі мүмкін. Сондықтан да, оларды киім жууға арналған торға салуды ұмытпаңыз.
• Нəски, қолғап, шұлық жəне бет орамал тəрізді кішкене, жеңіл заттар есіктің арасына қыстырылып қалуы мүмкін. Оларды кір жууға арналған торға салыңыз.
Кір жууға арналған торды кір салмай жумаңыз. Себебі машина қалыптан АБАЙ БОЛЫҢЫЗ тыс дірілдеп, орнынан жылжып, оқыс жағдай орын алуы немесе адам
жарақаттануы мүмкін.
ЖУҒЫШ ЗАТ ЖƏНЕ ҚОСЫМША ЗАТТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Қолдануға болатын жуғыш заттар
Қолдануға болатын жуғыш затты матаның түріне (мақта мата, синтетика, маталар, жүн мата), түсіне, жуу температурасына, кірдің деңгейіне қарап анықтау керек. Əрқашан автомат кір жуғыш машиналарға арналған “аз көпіршитін” жуғыш заттарды қолданыңыз.
Жуғыш затты өндіруші нұсқауларын кірдің салмағын, қаншалықты кірлегенін, аймағыңыздағы судың кермектігін ескере отырып орындаңыз. Егер қолданылатын судың қаншалықты кермек екенін білмесеңіз, жергілікті су мекемесіне хабарласыңыз.
Қатып қалған жуғыш затты қолданбаңыз, шаю циклі кезінде қалып қоюы мүмкін. Кір жуғыш машинаның шаю цикліне кедергі келтіруі немесе түтіктерді бітеуі мүмкін.
Жүн мата циклын пайдаланғанда келесіні ескеріңіз.
•Жүн матаға арналған сұйық жуғыш затты ғана пайдаланыңыз.
•Ұнтақ жуғыш затты пайдаланған кезде, кірден кетпей қалып, материалға (жүн) зақым келтіруі мүмкін.
02 КІР ЖУУ
Казақ - 25
Aegis |