Nortel Networks FC9219 - FC9200 manual Қазақша, Қосымша бөлшек ретінде берілген қыстырғыш, Сақтау

Models: FC9219 - FC9200

1 116
Download 116 pages 4.29 Kb
Page 45
Image 45
Қазақша 45

Қазақша 45

Қосымша бөлшек ретінде берілген қыстырғыш

1Қосымша бөлшектер сақтап қойғышты сабына сырт еткізіп орнатыңыз (Cурет 11).

2Екі қосымша бөлшекті бөлшектер ұстағышқа сырт еткізіп салыңыз:

-Жарықшақты аспап және кішкене қондырғы (Cурет 12).

Есте сақтаңыз: Кішкене саптаманың сору тесігі ұстағыштан ары қарап тұруы тиіс.

-Жарықшақты аспап және кішкене щетка (Cурет 13).

Есте сақтаңыз: Кішкене қылшықтың сору тесігі ұстағышқа қарап тұруы тиіс.

Құралды қолдану

1Тоқ сымын құралдан тартып шығарып, шанышқысын қабырғадағы розеткаға кіргізіңіз.

2Құралды қосу үшін, құралдың төбесіндегі қосу/өшіру түймесін басыңыз (Cурет 14).

3Құралдың басындағы төмпешектің көмегімен сору қуатын алмастырып отыруыңызға болады (Cурет 15).

-Өте кір кілемдер мен қатты едендерді шаң сорғышпен тазалау үшін ең жоғарғы сору қуатын қолданыңыз.

-Перделер, дастархандар және т.б. тазалау үшін, минималды сору қуатын таңдаңыз.

4Егер сіз бір сәтке үзіліс жасағыңыз келсе, құбырды ыңғайлы ұстанымда уақытша қою үшін, қондырғының томпиып тұрған жағын уақытша қою орнына кіргізіп қойыңыз (Cурет 16).

Сақтау

1Құралды сөндіріп, оны тоқтан суырыңыз.

2Тоқ сымын жинап қою үшін, тоқ сымын жинау түймесін басыңыз (Cурет 17).

3Қондырғының жиегін арнайы тесікшеге енгізу арқылы құралға орнатып қоюыңызға болады. Құралды тігінен қойып, барлық дөңгелектерін еденге тигізіп қойып сақтаңыз (Cурет 16).

4Шаң сорғышты жинап қойғанда әрдайым үш белсенділікті қондырғыны кілем бағдарламасына қойюды ұмытпаңыз, сонда сіз щетка таспасын қайырылып кетуден сақтайсыз (Cурет 9).

Шаң жинағыш шелекті босату

Шаң ыдысын босатар алдында әрдайым құралдың тоқ сымын розеткадан шығарыңыз.

Шаң ыдысын ыдыс жуғышта жууға болмайды.

-Шаң жинағыш шелекті шаң деңгейі фильтір цилиндір қорабының дөңгелек дискісіне жеткен мезетте босатыңыз (Cурет 18).

1Құралды сөндіріп, шлангісін алыңыз.

2Шаң бақыраш сабының төбесіндегі босату түймесін басып, қақпақты босатыңыз (1). Тербетіп, қақпақты ашыңыз (2). (Cурет 19)

3Шаң бақырашын құралдан көтеріп шығарыңыз (Cурет 20).

4Шаң ыдысын қоқыс шелегі үстінен ұстап тұрып, фильтір целиндір орнын шаң ыдысынан шығарыңыз. Шаң ыдысын босатыңыз (Cурет 21).

5Қаласаңыз, шаң жинағыш шелекті суық ағын суымен және біраз тазалағыш сұйықтықпен жуып жіберсеңіз болады.

4222.003.3090.4.indd 45

22-11-2007 10:20:21

Page 45
Image 45
Nortel Networks FC9219 - FC9200 manual Қазақша, Қосымша бөлшек ретінде берілген қыстырғыш, Құралды қолдану, Сақтау