Мазмұнды Ойнату

Ағымдағы суретті үлкейту үшін таңдаңыз. (4 есеге дейін үлкейтеді)

Rotate

Суретті бұру үшін таңдаңыз. (Бұл суретті сағат тілінің бағыты бойынша не оған қарсы бұрады.)

Information

Сурет туралы ақпаратты, соның ішінде атауы мен өлшемін, т.б. көрсетеді.

Диск түріне немесе жад құрылғысына байланысты Tools мәзірі әртүрлі болуы мүмкін. Барлық параметрлер көрсетілмеуі мүмкін.

Фондық музыка функциясын қосу үшін, фотосурет файлы музыка файлымен бір жад құрылғысында болуы тиіс. Дегенмен, дыбыс сапасына MP3 файлының бит жылдамдығы, фотосуреттің өлшемі және кодтау әдісі әсер етуі мүмкін.

Фотосуреттерді ойнату тізімін жасау

Фотосуреттерді ойнату тізімін жасау жолы әндерді ойнату тізімін жасауға өте ұқсас. Нұсқауларды

24-беттен қараңыз. Музыка файлдарының орнына фотосурет файлдарын таңдаңыз.

Радио тыңдау

Радионы тыңдау үшін өніммен бірге берілген FM антеннаны қосу керек.

Қашықтан басқару құралымен радионы басқару

1.FM тармағын таңдау үшін, FUNCTION түймесін басыңыз.

2.Қажетті станцияны баптаңыз.

1-алдын ала орнатылған баптау: PRESET

тармағын таңдау үшін 5 түймесін басып, алдын ала орнатылған станцияны таңдау үшін TUNING UP, DOWN түймесін басыңыз.

-- Алдын ала орнатылған станцияларды реттеместен бұрын, алдын ала орнатылған станцияларды алдымен өнім жадына қосуыңыз керек.

• Қолмен баптау: MANUAL тармағын таңдау үшін 5 түймесін басып, төменгі не жоғарғы жиілікті баптау үшін TUNING UP, DOWN түймелерін басыңыз.

• Автоматты баптау: MANUAL тармағын таңдау үшін 5 түймесін басып, жиілікті автоматты түрде іздеу үшін TUNING UP, DOWN түймесін басып ұстап тұрыңыз.

Моно/стерео параметрін орнату

MO/ST түймесін басыңыз.

• Бұл түймені әр басқан сайын, дыбыс STEREO

және MONO режимдеріне ауысып тұрады.

• Нашар қабылдау аймағында анық, кедергісіз тарату үшін MONO параметрін таңдаңыз.

Станцияларды алдын ала орнату

Мысалы: FM 89.10 станциясын жадқа алдын ала орнату.

1.FM тармағын таңдау үшін, FUNCTION түймесін

басыңыз.

2. <89.10> жиілігін таңдау үшін TUNING UP, DOWN түймесін басыңыз.

3. TUNER MEMORY түймесін басыңыз.

• Дисплейде NUMBER («НӨМІР») жазуы жыпылықтайды.

4. TUNER MEMORY түймесін қайтадан басыңыз.

• NUMBER (НӨМІР) жазуы дисплейден өздігінен жоғалмай тұрып, TUNER MEMORY түймесін басыңыз.

TUNER MEMORY түймесі басылғаннан кейін, NUMBER (НӨМІР) сөзі дисплейден жоғалады және станция жадта сақталады.

5. Басқа станцияны алдын ала орнату үшін, 2 – 4 қадамдарды қайталаңыз.

• Алдын ала орнатылған станцияға баптау үшін TUNING UP, DOWN түймесін басыңыз.

Караоке функциясын пайдалану

Музыкасы бар Караоке функциясын қолдануға болады.

1.Микрофонды өнімнің алдыңғы жағына жалғаңыз.

2.Басты экранында Settings тармағын таңдап, v түймесін басыңыз.

3.Sound тармағын таңдап, v түймесін басыңыз.

4.My karaoke тармағын таңдап, v түймесін басыңыз.

• Караоке бағалауын тексеруге және

ойнатылатын музыка дауысының дыбыс деңгейін реттеуге болады.

Karaoke scoring параметрі On мәніне орнатылған және микрофон қосылған болса, караоке ұпайы автоматты түрде көрсетіледі. Ұпайды көргіңіз келмесе, Karaoke scoring параметрін Off мәніне орнатыңыз.

• Бастапқы дыбыстағы дыбыстардың деңгейін төмендеткіңіз келсе, My karaoke параметрлерінде Reduce Vocals параметрін

Жазу таңдаңыз.

Музыкасы бар караоке әнін жазып алуға болады.

1.Ойнату кезінде TOOLS түймесін басу арқылы Karaoke Recording параметрін таңдаңыз да, v түймесін басыңыз.

2.Жазуды аяқтау үшін 5 түймесін басыңыз.

3.Жазу аяқталған кезде USB жад құрылғысында KARAOKE (КАРАОКЕ) қалтасы жасалады және жазбалар «KARAOKE.mp3» пішімінде сақталады.

26 - Қазақша

Page 70
Image 70
Samsung HT-J4550K/RU manual Фотосуреттерді ойнату тізімін жасау, Радио тыңдау, Моно/стерео параметрін орнату