•Қосалқы бөлшектерді (батарея, т.б.) балалар қол жеткізе алмайтын қауіпсіз жерде сақтаңыз.
•Өнімді босаңқы сөре, қиғаш еден немесе дірілдер сезілетін орын сияқты тұрақсыз жерге орнатпаңыз.
•Құралды түсіріп не құлатып алмаңыз. Өнім зақымданған болса, қуат сымын ажыратыңыз да, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•Тазалау үшін жабдық қуат сымын розеткадан ажыратып, жұмсақ әрі құрғақ шүберекпен сүртіңіз. Парафин, бензин, спирт, сұйылтқыш, жәндіктерді өлтіру құралдары, ауаны тазартқыштар, майлайтын заттар не тазалау құралдары сияқты химиялық заттарды пайдаланбаңыз. Бұндай химиялық заттар өнімнің сыртқы келбетіне зақым келтіруі немесе оның бетіндегі жапсырмаларды өшіруі мүмкін.
•Өнімге еш нәрсе тамбауы немесе шашырамауы тиіс. Өнімге құмыра сияқты сұйықтық құйылған заттарды қоймаңыз.
•Батареяларды өртке тастамаңыз.
•Бірнеше электр құрылғыны бір розеткаға қоспаңыз. Розетка шамадан тыс жүктелгенде қызып кетіп, өрт шығуы мүмкін.
•Қашықтан басқару құралында пайдаланылған батареяларды жарамсыз батарея түрімен ауыстырсаңыз, жарылыс қауіпі төнуі мүмкін. Тек дәл сондай немесе баламалы түрімен ауыстырыңыз.
ЕСКЕРТУ:
• ӨРТТІҢ ЖАЙЫЛУЫН БОЛДЫРМАУ ҮШІН, ШЫРАҚТАРДЫ ЖӘНЕ АШЫҚ ЖАЛЫН КӨЗДЕРІ БАР БАСҚА ЗАТТАРДЫ ОСЫ ӨНІМНЕН ӘРДАЙЫМ АЛЫС ҰСТАҢЫЗ.
•Өрт немесе ток соғу қаупін азайту үшін құрылғыны жаңбырда немесе ылғалда қалдырмаңыз.
1-КЛАСТЫ ЛАЗЕР ӨНІМІ
Бұл өнім 1-КЛАСТЫ ЛАЗЕР ӨНІМІ болып табылады.
Осы құжатта көрсетілмеген басқару элементтерін, реттеулерді немесе процедураларды пайдаланса, аса қауіпті радиациялық сәулелену жағдайлары туындауы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ:
•АШҚАНДА ЖӘНЕ ТЕЖЕУ ЖҮЙЕСІ ІСТЕН ШЫҚҚАНДА СӘУЛЕЛЕНУ ҚАУПІ БАР, СӘУЛЕДЕН САҚТАНЫҢЫЗ.
CLASS 1 | LASER PRODUCT |
KLASSE 1 | LASER PRODUKT |
LUOKAN 1 | LASER LAITE |
KLASS 1 | LASER APPARAT |
PRODUCTO | LÁSER CLASE 1 |
3D функциясын пайдалану бойынша сақтық шаралар
3D БЕЙНЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ. 3D функциясын пайдаланбас бұрын, төмендегі қауіпсіздік ақпаратын оқып, түсініп алыңыз.
•3D бейнесін тамашалау барысында кейбір көрермендер бас айналу, лоқсу және бас ауыру сияқты ыңғайсыздықтарды сезіну мүмкін. Осындай симптомдардың кез келгені пайда болса, 3D бейнесін көруді тоқтатып, 3D көзілдірігін шешіп, демалыңыз.
•3D бейнелерін ұзақ көру көзді ауыртуы мүмкін. Көз ауырса, 3D бейнесін көруді тоқтатып, 3D көзілдірігін шешіп, демалыңыз.
•3D функциясын пайдаланып отырған балаларды жауапты ересек адам жиі тексеріп отыруы тиіс. Көздердің талғаны, бас ауруы, бас айналуы немесе лоқсу жағдайлары байқалса, балалардың 3D бейнесін көруін тоқтатып, демалдырыңыз.
•3D көзілдірігін басқа мақсаттарда (мысалы, әдеттегі көзілдірік, күнге қарсы көзілдірік, қорғайтын арнайы көзілдірік, т.б. ретінде) пайдаланбаңыз.
•Жүріп бара жатқанда немесе қозғалыс кезінде 3D функциясын немесе 3D көзілдірігін пайдаланбаңыз. 3D функциясын немесе 3D көзілдірігін қозғалыс барысында пайдалану бірдемеге соғуға, сүрінуге және құлап қалып, ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін.
•3D бейнесін тамашалау үшін, 3D құрылғысын
(3D бейнесімен үйлесімді
•Өнім 3D сигналдарын тек HDMI OUT портына жалғанған HDMI кабелі арқылы шығарады.
•3D ойнату режимінде бейне ажыратымдылығы бастапқы 3D бейнесінің ажыратымдылығына орнатылады. Ажыратымдылықты өзгерту мүмкін емес.
•3D ойнату режимінде BD Wise, экран өлшемін реттеу және ажыратымдылықты реттеу сияқты кейбір функциялар дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
•3D сигналы дұрыс шығу үшін, жоғары жылдамдықты HDMI кабелін пайдалану керек.
•3D бейнелерін тамашалағанда, экраннан кемінде оның енінен үш есе үлкен қашықтықта отырыңыз. Мысалы, экран диагоналінің өлшемі 46 дюйм болса, экраннан 3,5 метр алыс отырыңыз.
•3D бейнесі жақсы көріну үшін, 3D бейне экраны көзбен бір деңгейде болуы керек.
•Егер өнім қандай да бір 3D құрылғыларына қосылған болса, 3D әсері дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
•Бұл өнім 2D мазмұнды 3D пішіміне түрлендірмейді.
•