Мазмұнды Ойнату
Үй кинотеатры
Компьютерде немесе мобильді құрылғыда орналасқан мазмұнды ойнату үшін компьютерді немесе мобильді құрылғыны және өнімді желіге қосу керек.
✎✎Windows 7 және Windows 8 жүйесі орнатылған компьютерлерде DLNA бағдарламалық құралы (Ойнату) ішіне орнатылған болады.
Бастапқы құрылғыға ауыстырып қосу
Басты жабдыққа бір не бірнеше сыртқы құрылғы қосылған болса, бастапқы құрылғыны өзгерту үшін төменде сипатталған үш әдістің кез келгенін пайдалануға болады.
1-әдіс
Басты экранындағы ▲▼◄► түймелерін басу арқылы Change Device тармағына өтіп, v түймесін басыңыз.
Change Device қалқымалы терезесі ашылады. ▲▼ түймелерін пайдаланып қажетті құрылғыға жылжыңыз да, v түймесін басыңыз.
PHOTOS, VIDEOS, MUSIC не басқа файлға негізделген мазмұндарға өткенде қалталар мен файлдардың тізімі ашылады. ҚЫЗЫЛ (А) түймесін басу арқылы Change Device қалқымалы терезесін ашып, ▲▼ түймелерін басу арқылы керекті құрылғыға жылжыңыз да, v түймесін басыңыз.
Құрылғы бірінші рет қосылғанда қалқымалы терезе пайда болады. Қалқымалы терезеде ◄► түймелерін пайдалану арқылы көз құрылғыны өзгертіңіз, одан кейін v түймесін басыңыз.
Коммерциялық дискілерді ойнату
1.Диск науасын ашу үшін ^ түймесін басыңыз.
2.Дискінің жапсырмалы бетін жоғары қаратып, дискіні диск науасына абайлап салыңыз.
3.Диск науасын жабу үшін ^түймесін басыңыз. Ойнату автоматты түрде басталады.
4.Ойнату автоматты түрде басталмаса, қашықтан басқару құралындағы 6 түймесін басыңыз.
Дискіні сақтау & басқару
•Дискілерді қолмен ұстау
• Дискілерді тазалау
немесе кір болса, оны сумен араластырылған жұмсақ тазалау құралымен тазартып, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
`` Күн сәулесі тікелей түспейтін жерде сақтаңыз.
`` Жақсы желдетілетін салқын жерде сақтаңыз.
`` Таза қорғаныс қаптамасына салып, тік күйде сақтаңыз.
Пайдаланушы жазған мазмұны бар дискіні ойнату
1.Диск науасына пайдаланушы жазған дискіні суретін жоғары қаратып салыңыз да, науаны жабыңыз.
2.▲▼◄► түймелерін пайдаланып көру не
ойнату керек мазмұн түрін таңдаңыз да – PHOTOS, VIDEOS немесе MUSIC – содан кейін v түймесін басыңыз.