✎✎Жазба файлын сақтау үшін USB жад құрылғысы салынған болуы қажет.
✎✎Жазба файлы Photos, Videos және Music ішіне қайта кірген кезде көрсетіледі.
✎✎Караоке мүмкіндігін қолданғанда оғаш дыбыстар (шиқылдау немесе гуілдеу) естілсе, микрофонды динамиктерден алысырақ ұстаңыз. Сондай- ақ, микрофонның немесе үндеткіштің дыбыс деңгейлерін төмендету де көмектеседі.
✎✎Микрофон D. IN, AUX, FM және BT режимдерінде жұмыс істемейді.
✎✎Karaoke scoring параметрі On мәніне
орнатылған және микрофон қосылған болса, караоке ұпайлары автоматты түрде көрсетіледі. Ұпайды көрсетуді қаламасаңыз, микрофонды ажыратыңыз.
✎✎Негізгі мәзір экранда пайда болып, 10 секунд
өткеннен кейін микрофонды қолдануға болады.
FM радиосын жазу
Қосылған USB сақтау құрылғысында таңдаулы радио таратылымын жазуға болады.
1.Өнімнің алдындағы USB ұясына USB құрылғысын салыңыз.
2.Қажет радио таратылымын қосу үшін FM режиміне өтіңіз.
3.Жазуды бастау үшін RED (A) (ҚЫЗЫЛ (А)) түймесін басыңыз. Жазу процесі басталады.
•Жазылған уақыт сол жақта көрсетіледі және USB сақтау құрылғысындағы бос орынға сай әлі қолжетімді уақыт оң жақта көрсетіледі.
4.Жазуды аяқтау үшін EXIT (ШЫҒУ) түймесін басыңыз. Бір уақытта жазу тоқтатылады және .mp3 файлы ретінде сақталады. Жазылған файлды ойнату үшін «USB құрылғысындағы файлдарды ойнату» бөлімін қараңыз.
✎✎Жазылған файл автоматты түрде жасалған Tuner (Тюнер) қалтасында сақталады.
✎✎FM радиосы жазылып жатқанда тек кейбір түймелер жұмыс істейді. (Тек (АШУ/ЖАБУ) түймесін, (ҚУАТ) түймесін, EXIT (ШЫҒУ) түймесін, MUTE (ДЫБЫСТЫ ӨШІРУ) түймесін және VOLUME (ДЫБЫС ДЕҢГЕЙІ) +, - түймесін қосуға болады.)
✎✎Жазу кезінде ешбір түймені баспасаңыз, экран сақтағыш қосылады.
✎✎DSP, EQ, т.б. сияқты дыбыстық әсер жазылмайды. ✎✎Тіпті жазу процесінің барысында дыбыс деңгейін
өзгертсеңіз де немесе «Дыбысты өшіру» түймесін бассаңыз да, радио көрсетілген дыбыс деңгейімен жазылады.
✎✎Егер жазу процесінің барысында USB құрылғысын
немесе қуат кабелін ажыратсаңыз, соған дейін жазылған файл жұмыс істемеуі мүмкін.
✎✎USB қоймасының қалған бос орны 2 Мбайттан азырақ болса, жазу басталмайды.
✎✎USB құрылғысы ажыратылса немесе бос орын жеткіліксіз болса (2 Мбайттан азырақ), сәйкес хабар көрсетіледі және жазу тоқтатылады.
Bluetooth құрылғысын пайдалану
Жоғары сапалы стерео дыбыспен музыканы сымсыз тыңдау үшін Bluetooth құрылғысын пайдалануға болады!
•Жұптау арақашықтығы : ең көбі 2 метр,
жұмыс істеу арақашықтығы: ең көбі 10 метр.
•Құрылғыны жұмыс істеу арақашықтығында пайдаланғанның өзінде нақты Bluetooth жұмысы қоршаған ортаға байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Bluetooth дегеніміз не?
Bluetooth — Bluetooth функциясымен үйлесімді құрылғыларға сымсыз байланысты пайдаланып
•Bluetooth құрылғысы мына жағдайларда ызылдауы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін:
•Үй кинотеатры мен Bluetooth құрылғысын бір- біріне жақын орналастырып жұптастырыңыз.
•Үй кинотеатры мен Bluetooth құрылғысының арасындағы қашықтық алшақ болған сайын, байланыс сапасы да нашарлау болады. Қашықтық Bluetooth құрылғысының жұмыс істеу ауқымынан асып кетсе, байланыс үзіледі.
•Қабылдау сезімталдығы нашар аймақтарында Bluetooth қосылымы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
•Үй кинотеатрының тиімді қабылдау ауқымы ешқандай кедергі болмаған жағдайда барлық бағыттарда 10 метрге дейін жетеді. Құрылғы бұл ауқымнан тыс болса, қосылым автоматты түрде үзіледі. Осы ауқым ішінде болғанына қарамастан, қабырғалар немесе есіктер сияқты кедергілер себебінен дыбыс сапасы төмендеуі мүмкін.
•Бұл сымсыз құрылғы жұмыс істеу кезінде электр кедергілерін тудыруы мүмкін.