Параметрлер

Audio Sync

Өнім сандық теледидарға тіркелгенде, дыбыс бейнемен қадамдасуы үшін бейне кідірісін реттеуге мүмкіндік береді. Кідірісті 0 және 300 миллисекунд арасында орнатуға болады.

Network

Wired Network Settings(Сымды желі параметрлері)

Осы функция туралы қосымша ақпаратты 17-беттен қараңыз.

Network Test

Интернет протоколы параметрлерінің орнатылуын тексеріп, оның дұрыс жұмыс істеп тұрғанын көруге мүмкіндік береді.

Network Status

Ағымдағы желі және Интернет күйін тексеруге мүмкіндік береді.

Device Name

Өнімге анықтамалық атау тағайындауға мүмкіндік береді. Бұл атауды өнімге сыртқы құрылғыларды (смартфондар, планшеттер, т.б.) қосқанда, оны анықтау үшін пайдалана аласыз.

BD-Live Internet Connection

BD-Live қызметі үшін Интернет қосылымына рұқсат етуге немесе оған тыйым салуға мүмкіндік береді.

System

Setup

Setup процедурасын қайта іске қосуға мүмкіндік береді. (12-бетті қараңыз)

Quick start

Жүктелу уақытын азайту арқылы қуатты жылдам қосуға болады.

Егер бұл функция On күйіне орнатылса, күту режиміндегі қуат тұтыну мөлшері артады. (Шамамен 12 Вт ~ 20 Вт)

Anynet+ (HDMI-CEC)

Anynet+ дегеніміз Anynet+ мүмкіндігі бар басқа Samsung өнімдерімен байланысып әрекет ету және сол өнімдерді бір Samsung теледидарының қашықтан басқару құралымен басқаруға мүмкіндік беретін қолайлы функция болып табылады. Бұл функцияны пайдалану үшін осы өнімді HDMI кабелімен Anynet+ Samsung теледидарына жалғау қаж ет.

BD Data Management

BD-LIVE қызметін қолдайтын Blu-ray дискісі арқылы жүктеп алынған мазмұнды басқаруға мүмкіндік береді. Сақтау орнымен қоса, BD Live деректерін сақтау үшін пайдаланып отырған USB құрылғысы туралы ақпаратты көруге болады. BD Live деректерін жойып, құрылғыны өзгертуге де болады.

DivX® Video On Demand

DivX® VOD мазмұнын сатып алу және ойнату үшін, DivX® VOD тіркеу кодтарын қараңыз.

Language

Экран мәзірі, диск мәзірі, т.б. үшін тілді таңдауға мүмкіндік береді.

Таңдалған тіл дискіде оған қолдау бар болса ғана көрсетіледі.

Security

Әдепкі PIN коды – 0000. Өз PIN кодыңызды жасамаған болсаңыз, қауіпсіздік функциясына кіру үшін әдепкі PIN кодын енгізіңіз.

BD Parental Rating

PIN енгізілмеген жағдайда белгілі бір жас рейтингіндегі немесе одан жоғары рейтинг көрсетілген Blu-ray дискілерін ойнатуға жол бермейді.

DVD Parental Rating

PIN енгізілмеген жағдайда белгілі бір сандық рейтингтен жоғары рейтингке ие DVD дискілерін ойнатуға жол бермейді.

Change PIN

Қауіпсіздік функцияларына кіру үшін пайдаланылатын 4 санды PIN кодын өзгертіңіз.

General

Time Zone

Аймаққа сәйкес уақыт белдеуін көрсетуге мүмкіндік береді.

Support

Software Upgrade

Осы функция туралы қосымша ақпаратты 18-беттен қараңыз.

16 - Қазақша

Page 60
Image 60
Samsung HT-J4550K/RU Audio Sync, Network Test, Network Status, Device Name, BD-Live Internet Connection, System Setup