Мазмұнды Ойнату
Үй кинотеатрын Bluetooth құрылғысына қосу
Қосу
Bluetooth құрылғысы
Бастамай тұрып Bluetooth құрылғысы Bluetooth функциясымен үйлесімді стерео гарнитура функциясын қолдайтынын тексеріңіз.
1.BT хабарын көрсету үшін, қашықтан басқару құралындағы FUNCTION түймесін басыңыз.
2.Қосылу қажет Bluetooth құрылғысында Bluetooth мәзірін таңдаңыз. Нұсқауларды Bluetooth құрылғысының нұсқаулығынан қараңыз.
3.Bluetooth құрылғысында Stereo headset (Стерео құлақаспап) мәзірін таңдаңыз.
•Құрылғылар тізімі ашылады
4.Ізделетін тізімнен «[HTS]JXXXXX» тармағын таңдаңыз.
•Үй кинотеатры Bluetooth құрылғысына қосулы кезде қосылған Bluetooth құрылғысының атауы, одан кейін үй кинотеатрының атауы үй кинотеатрының алдыңғы дисплейінде көрсетіледі.
5.Қосылған құрылғыда музыканы ойнатыңыз.
•Қосылған Bluetooth құрылғысында ойнап жатқан музыканы үй кинотеатры жүйесінен тыңдай аласыз.
✎✎Үй кинотеатры тек сапасы орташа SBC деректеріне (48 кГц жылдамдығында 237 кбит/
✎✎AVRCP функциясына қолдау бар. Қосылған құрылғының техникалық сипаттамаларына байланысты оның функциялары әр түрлі болады.
✎✎Тек A2DP профайлын қолдайтын Bluetooth ✎✎Бір уақытта тек бір Bluetooth құрылғысын
✎✎Келесі жағдайларда іздеу немесе қосылу функциялары дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін:
айналасында күшті электр өрісі болса.
құрылғысы жұпталса;
қысқа толқынды пештер, сымсыз жергілікті
желі адаптерлері, люминесцентті шамдар және газ плиталары сияқты құрылғылар Bluetooth құрылғысымен бірдей жиіліктер ауқымын пайдаланатынын ескеріңіз, бұл өз кезегінде электр кедергісін тудыруы мүмкін.
✎✎Үй кинотеатры мен Bluetooth құрылғысы немесе ұялы телефон сияқты кез келген басқа құрылғы арасында ең жақсы жұмыс үйлесімділігі үшін құрылғының операциялық жүйесін соңғы нұсқаға жаңарту ұсынылады.
Bluetooth құрылғысын үй кинотеатрынан ажырату
Үй кинотеатрын Bluetooth құрылғысынан ажыратуға болады. Нұсқауларды Bluetooth құрылғысының нұсқаулығынан қараңыз.
•Үй кинотеатры Bluetooth құрылғысынан ажыратылғанда, үй кинотеатры алдыңғы дисплейде DISCONNECTED хабарын көрсетеді.
Үй кинотеатрын Bluetooth құрылғысынан ажырату
BT режимінен басқа режимге ауысу немесе үй кинотеатрын өшіру үшін, үй кинотеатрының алдыңғы панеліндегі () түймесін басыңыз.
•Үй кинотеатры функцияларды өзгерту арқылы ажыратылған жағдайларды есепке алмағанда, қосылған Bluetooth құрылғысы қосылымды аяқтау алдында үй кинотеатрынан белгілі бір уақыт бойы жауап күтеді. (Bluetooth құрылғысына байланысты ажырату уақыты әртүрлі болуы мүмкін.)
✎✎Bluetooth қосылым режимінде Bluetooth
қосылымы үй кинотеатрының жүйесі мен Bluetooth құрылғысының арасындағы қашықтық (10 метр) асып кеткен жағдайда жоғалады. Bluetooth құрылғысы қайтадан жарамды қашықтық ауқымына кіргенде немесе Bluetooth құрылғысын қайта іске қосқанда қайта қосылу үшін құрылғыны және үй кинотеатрын жұптастыру керек.
✎✎Bluetooth режимінде Bluetooth құрылғысы дайын күйінде 5 минут бойы тұрғанда экран қорғауышы іске қосылады. Bluetooth құрылғысын қайта қосу үшін экран қорғауышын өшіріңіз де, құрылғыны қосыңыз. Экран қорғауышын өшіру үшін қашықтан басқару құралында кез келген түймені (дыбыс деңгейі түймесі, сандық түйме, т.б.) басыңыз.
Bluetooth жылдам іске қосу функциясын пайдалану
Үй кинотеатры өшірулі болғанда смарт құрылғысын өнімге Bluetooth арқылы қосу себебінен үй кинотеатры іске қосылуы мүмкін.
✎✎Үй кинотеатрының қуат сымы айнымалы ток розеткасына қосылғанда Quick Start (Жылдам іске қосу) функциясы қолжетімді.