Қуатты үнемдеу туралы кеңес

-Құрылғыны салқын, құрғақ, жеткілікті түрде желдетілетін жерге орнатыңыз. Оны күн сəулесі тура түсетін жерден жəне қызу көздерінен (мысалы, батарея) алыс қойыңыз.

-Құрылғының саңылаулары мен торкөздерін ешқашан бітемеңіз.

-Жылы тағамды тоңазытқыш ішіне қояр алдында салқындатыңыз.

-Мұздатылған тағамды тоңазытқышқа қойып жібітіңіз. Содан кейін мұздатылған тағамдардың төмен температурасын, тоңазытқыштағы тағамды салқындату үшін қолдана аласыз.

-Тағам салғанда немесе тағамды алған кезде құрылғының есігін ұзақ уақыт ашып қоймаңыз. Есікті неғұрлым аз уақытқа ашсаңыз, мұздатқышқа аз мұз қатады.

-Тоңазытқыштың арт жағын уақытылы тазалаңыз. Шаң қуаттың көп шығындалуына алып келеді.

-Қажетті температурадан артық суық температураны таңдамаңыз.

-Тоңазытқыштың табаны мен артқы қабырғасынан ауа жеткілікті түрде шығуын қамтамасыз етіңіз. Ауа шығатын саңылауларды бітемеңіз.

-Орнатқан кезде оң, сол, үстіңгі жағынан бос орын қалдырыңыз. Бұл қуатты аз пайдаланып, электр қуаты төлемдерін азайтуға көмектеседі.

-Қуатты барынша тиімді пайдалану үшін себеттер, тартпалар, сөрелер тəрізді ішкі керек-жарақтардың барлығын өндіруші көрсеткен жерлерге қойыңыз.

Бұл құрылғы үйде жəне сол сияқты, дүкендердегі қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде,

-кеңселерде жəне басқа жұмыс орындарында пайдалануға арналған;

-ферма үйлерінде, қонақ үйдің қонақтары жəне басқа тұрғында жерлерде;

-төсек жəне таңғы аспен жабдықтайтын жерлерде;

-- қоғамдық тағам орындарында жəне сол сияқты бөлшек сауда жасамайтын жерлерде.

Қазақша - 16

DA68-03022F-08.indb 16

2017. 11. 27. ￿￿ 3:13

Page 78
Image 78
Samsung RF24HSESBSR/WT manual Кеңселерде жəне басқа жұмыс орындарында пайдалануға арналған