Судың тамшылауы

Газдалған су құйып алғаннан кейін біраз уақыт өткен соң диспенсерден газдалған судың бірнеше тамшысы ағуы мүмкін. Судың тамшылауы құрылғының ақауы бар дегенді білдірмейді, бірақ су мен CO2 газын араластырғанға байланысты.

Газ концентрациясының деңгейін басқару

Газдалған су индикаторы қосылған кезде Sparkling Water (Газдалған су) түймешігін 3 секунд басып, газдалған судың құрамындағы газ концентрациясының деңгейін өзгертуге болады. Spakling Water (Газдалған су) түймешігін əр басқан сайын газ концентрациясының деңгейі мына ретпен өзгереді:

Орташа (Деңгей-2) → Күшті (Деңгей-3) →Əлсіз (Деңгей-1) → Орташа (Деңгей-2).

Түймешікті басқан кезде, түймешіктің оң жағындағы кішкене сандар бірінен кейін бірі жанып, деңгейдің өзгергенін көрсетеді.

-Егер Газдалған су сауытында осыған дейін жасалған газдалған су бар болса, тоңазытқыш газдалған суды алдыңғы газ концентрациясының деңгейін қолданып береді.

(Қайтадан, Газ концентрациясының деңгейі тоңазытқыш келесі жолы газдалған су жасағанша өзгермейді.) Енгізілген өзгеріс осыған дейін жасалған газдалған суға əсер етпейді.)

-Тоңазытқыш газдалған су жасап тұрғанда, Газдалған су деңгейінің индикаторы кезекпен жанады (Деңгей-1Деңгей-2Деңгей-3Деңгей-1, т.с.с.).

Sparkling Water (Газдалған су) түймешігін тоңазытқыш газдалған су жасап тұрғанда бассаңыз, ағымдық газ концентрациясының деңгейі бірнеше секунд көрсетіліп тұрады. Sparkling Water (Газдалған су) түймешігін газ концентрациясының деңгейі көрсетіліп тұрғанда бассаңыз, газ концентрациясының деңгейі өзгереді. Газ концентрациясының өзгерген деңгейі тоңазытқыш келесі жолы газдалған су жасаған кезде қолданылады.

-Тоңазытқыш газдалған су жасап тұрғанда газ концентрациясының деңгейін өзгертсеңіз, тоңазытқыш газдалған суды алдыңғы газ концентрациясының деңгейін қолданып жасайды.

ІСКЕ ПАЙДАЛАНУ

Газдалған су деңгейі зауыттан 2-ші деңгейге қойылып жеткізіледі.

Егер су өте күшті газдалған болса, газдың қосылатын мөлшерін өзгертіңіз.

1-ші деңгейде газ шамалы қосылады жəне 3-ші деңгейде газ күштірек қосылады.

Тоңазытқыш газдалған су жасап тұрған кезде тоқ сөніп қалса, тоқ қайта қосылған кезде тоңазытқыш газдалған су жасауды қайта бастап, суға өте көп газ қосуы мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, қатты газдалған суды төгіп, газдалған су жасау үдерісін қайта бастауды ұсынамыз.

CO2 цилиндрінің қолданыс мерзімі Газдалған судың қай деңгейінің таңдалғанына байланысты əр түрлі болуы мүмкін.

Қазақша - 43

DA68-03022F-08.indb 43

2017. 11. 27. ￿￿ 3:13

Page 105
Image 105
Samsung RF24HSESBSR/WT manual Судың тамшылауы, Газ концентрациясының деңгейін басқару