Карбонизаторды тоңазытқышқа орнату

Жаңа SodaStream 60 L карбонизаторын тоңазытқышқа орнату үшін мына қадамдарды орындаңыз:

1. CO2 цилиндрінің қақпағын ашыңыз.

• Əдетте газдалған су жасайтын құрылғы сөндірулі тұрады. Газдалған су жасайтын құрылғы сөндіріліп тұрғандықтан, дисплейде "OFF" индикаторы жанып тұрады.

-44 бетті қараңыз; Газдалған су функциясын сөндіру.

2.Регуляторға SodaStream 60 L карбонизаторын орнатып, содан кейін сағат тілінің бағытымен бұраңыз.

Міндетті түрде Sodastream™ CO2 цилиндрін (60 л) пайдаланыңыз.

Қосалқы SodaStream цилиндрлерін жергілікті Sodastream бөлшек сауда орталықтарында оңай ауыстыруға немесе қайта толтыртып алуға болады.

CO2 цилиндрлерін толтыру немесе ауыстыру төлемақыларының барлығын тоңазытқыштың иесі төлейді.

CO2 цилиндрінің бұрамасы əр елде əр түрлі.

3.SodaStream 60 L карбонизаторын орнатылатын тірекке қарай итеріңіз.

4.SodaStream 60 L карбонизаторын тетікті басып орнына бекітіңіз.

Карбонизатордың ішкі қысымы тетікті ішке қарай басуды қиындатуы мүмкін. Тетікті оң жақтағы суретте көрсетілгендей ұстап тұрыңыз да, содан кейін төмен басыңыз.

Егер карбонизаторды орнына дұрыс бекітпесеңіз, тоңазытқыш газдалған су жасай алмайды.

Егер карбонизатор регуляторға мықтап бекітілмесе, CO2 газы жылыстап шығып, ысылдаған дыбыс шығуы мүмкін.

Бұндай жағдай пайда болса, 2, 3 жəне 4-ші қадамдарды қайталап, карбонизатордың өз орнына мықтап орнатылғанына жəне бекітілгеніне көз жеткізіңіз.

Қазақша - 28

DA68-03022F-08.indb 28

2017. 11. 27. ￿￿ 3:13

Page 90
Image 90
Samsung RF24HSESBSR/WT manual Карбонизаторды тоңазытқышқа орнату