SodaStream 60 L CO2 карбонизаторын орнату

Тоңазытқыштың Газдалған су функциясын пайдалану үшін Sodastream 60 L CO2 карбонизаторын орнатыңыз.

SodaStream 60 L CO2 карбонизаторын жақын жерде орналасқан дилерден алуыңызға болады жəне бірінші Sodastream CO2 карбонизаторы сізге тегін беріледі.

(Толық ақпаратты “www.sodastream.com/samsung” сайтынан қараңыз)

SodaStream 60 L CO2 карбонизаторын сатып алу

SodaStream 60 L карбонизаторларын жақын орналасқан Sodastream бөлшек сауда орталығынан немесе интернет арқылы сатып алыңыз.

Толық ақпаратты www.sodastream.com сайтынан алыңыз.

ТЕК SODASTREAM 60 L КАРБОНИЗАТОРЫН ҒАНА ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ. SAMSUNG

жəне SODASTREAM компаниясы фирмалық емес карбонизаторларды (немесе CO2 цилиндрлерін) пайдалану нəтижесінде жылыстап аққан газға байланысты орын алған зақымға, соның ішінде, бірақ бұнымен шектелмей, мүлікке келген зақымға жауапты емес. SAMSUNG тоңазытқышының газдалған су жүйесі ТЕК SODASTREAM 60 L КАРБОНИЗАТОРЫМЕН ҒАНА жұмыс істеуге арналған.

Кейін пайдалану үшін қосымша карбонизатор сатып алып қоюды ұсынамыз.

Қосымша карбонизаторларды балалардың қолы жетпейтін, салқын, ашық жерге сақтаңыз. Карбонизаторды тоңазытқышқа сақтамаңыз.

Газдалған суды тоңазытқыштың ішкі температурасы немесе CO2 цилиндрінің температурасы жоғары кезде жасасаңыз, "сырнай дыбысы" тəрізді дыбыс естілуі мүмкін. Тоңазытқышты ең алғаш рет іске қосқаннан кейін, шамамен 2 сағат уақыт өтпейінше газдалған су жасауға болмайды.

Жаңа CO2 цилиндрін сатып алсаңыз, оны орнатқанға дейін міндетті түрде салқын жерде (23 ~ 68 °F (-5 ~ 20 °C)) сақтаңыз.

Егер цилиндрді температурасы жоғары жерге сақтасаңыз, қосымша ішкі қысым пайда болып, газдалған су жасаған кезде "сырнай дыбысы" тəрізді дыбыс естілуі мүмкін.

ПАРАМЕТРЛЕРДІ ОРНАТУ

Су түтігін орнату

Тоңазытқышты сумен жабдықтау жүйесіне міндетті түрде цилиндрді орнату алдында қосыңыз.

Қазақша - 27

DA68-03022F-08.indb 27

2017. 11. 27. ￿￿ 3:13

Page 89
Image 89
Samsung RF24HSESBSR/WT manual SodaStream 60 L CO2 карбонизаторын сатып алу, Су түтігін орнату