Демалысқа кетерде...

Егер ұзақ демалысқа немесе іс сапарға кетсеңіз жəне су немесе мұз диспенсерін ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз:

-Су клапанын жабыңыз.

Себебі, су ағуы мүмкін.

-Тағамның барлығын алыңыз.

-Тоңазытқышты тоқтан ағытыңыз.

-Ішіндегі артық ылғалды сүртіп, есіктерін ашық қалдырыңыз.

Əйтпесе, жағымсыз иіс, зең пайда болуы мүмкін.

Мұз жасағышқа қатысты жасауға болатын жəне болмайтын əрекеттер

Саусақтарыңызды, қолдарыңызды немесе басқа нəрселерді науаға немесе мұз жасағыштың себетіне салмаңыз.

-Себебі, адам жарақат алуы немесе мүлікке зақым келуі мүмкін.

Диспенсердің саңылауына саусағыңызды немесе басқа затты ешқашан салмаңыз.

-Жарақат алуыңыз мүмкін.

Мұз жасағышты бөлшектеуге тырыспаңыз.

Мұз себетін тоңазытқыштың ішінде тұрғанда сумен жумаңыз немесе су шашпаңыз.

Алғаннан кейін тазалаңыз

Мұз жасағыштың науасын салғанда, АБАЙЛАҢЫЗ науаның кіреберістің дəл ортасына

қойылуын қамтамасыз етіңіз. Себебі, науа кептеліп қалуы мүмкін.

Судың бұлыңғырлану феномені

Тоңазытқышқа келетін судың барлығы сілті негізінде жасалған су сүзгісінен өтеді.

Сүзгіден өткізу барысында, сүзгіден ағып шыққан судың қысымы көбейеді де, су оттегіге жəне азотқа қанығып тұрады.

Су ауаға кірген кезде, қысым төмендейді де, оттегі мен азотқа өте қатты қанығады, соның нəтижесінде газ көпіршіктері пайда болады.

Осы оттегі көпіршіктеріне байланысты су уақытша бұлдыр болып, тұманданып көрінуі мүмкін.

Бірнеше секундтан кейін, су тұнық көрінеді.

ІСКЕ ПАЙДАЛАНУ

Қазақша - 41

DA68-03022F-08.indb 41

2017. 11. 27. ￿￿ 3:13

Page 103
Image 103
Samsung RF24HSESBSR/WT manual Демалысқа кетерде, Судың бұлыңғырлану феномені