қауіпсіздік туралы ақпарат

Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе оның үстіне зат (мысалы, кір, жанып тұрған шамшырақ, тұтатылған темекі, ыдыс-аяқ, химиялық заттар, металл заттар т.с.с.) қоймаңыз.

-Бұның нәтижесінде электр, өрт қатері орын алып, құрылғыға нұқсан келуі не адам жарақаттануы мүмкін.

Құрт-құмырысқаларды құртуға арналған бүріккіш тәрізді тұтанғыш заттарды құрылғыға шашпаңыз.

-Бұндай заттар адам үшін ғана қауіпті емес, электр қатерін тудыруы, өрт шығаруы, құрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін.

Кір жуғыш машинаға электрмагнитті өріс шығаратын заттарды жақын қоймаңыз.

-Дұрыс жұмыс істемей, адам жарақат алуы мүмкін.

Жоғары температуралы жуу не кептіру кезінде төгілген су ыстық болатындықтан, суға қол тигізбеңіз.

-Күйіп қалуыңыз немесе жарақат алуыңыз мүмкін.

Су өткізбейтін көрпеше, төсем немесе киімдерді (*), құрылғыңызда бұндай заттарды жууға арналған арнайы бағдарлама болмаса жумаңыз.

-Қалың, қатты матрацтарды, затбелгісінде ''машинамен жууға болады'' деп көрсетілсе де жумаңыз.

-Қалыптан тыс дірілдеудің әсерінен кір жуғыш машинаға, қабырғаға не еденге немесе киімге нұқсан келуі мүмкін.

*Жүн матадан жасалған төсек жабдықтары, жаңбыр жамылғысы, балықшы күртешесі, шаңғы тебуге арналған шалбар, жол төсек, жаялық, терлеуге, велосипед, мотоцикл, машинаны т.с.с. жабуға арналған жамылғылар.

Кір жуғыш машинаны жуғыш зат салынатын қорапшасы алынып тұрса іске қоспаңыз.

-Аққан судың әсерінен электр қатері орын алуы не адам жарақаттануы мүмкін.

Кептіріп жатқанда немесе кептіріп бола сала барабанның ішіне қолыңызды тигізбеңіз.

-Күйіп қалуыңыз мүмкін.

Жуғыш зат қорапшасын ашқаннан кейін, оған қолыңызды салмаңыз.

-Жуғыш затты қосатын құралға қолыңыз қыстырылып қалып, жарақат алуыңыз мүмкін. Кір жуғыш машинаға жуылатын кірден басқа затты (мысалы, аяқ киім, тағамның қалдығы, жануарлар) салмаңыз.

-Себебі кір жуғыш машинаға зақым келуі, егер жануарларды салсаңыз, олар қалыптан тыс айналдыру себебінен жарақат алуы не өліп қалуы мүмкін.

Түймешіктерді түйреуіш, пышақ, тырнақ т.с.с. өткір затпен баспаңыз.

-Электр қатері орын алуы не адам жарақаттануы мүмкін.

Иіс май дүкендерінде сатылатын не массаж салондарында қолданылатын май, крем немесе лосьон тәрізді заттар ластаған кірлерді жумаңыз.

-Себебі резеңке тығыздағыш деформацияланып, су ағып кетуге әкелуі мүмкін.

Түйреуіш немесе шаш түйреуіші тәрізді темір заттарды не ағартқышты ұзақ уақыт барабан ішінде қалдырмаңыз.

-Барабанды тот басуы мүмкін.

-Егер барабанның бетінде тот пайда болса, оған шайғыш заттан (бейтарап) жағып, жөкемен тазалаңыз. Ешқашан темір шөткені қолданбаңыз.

10_ қауіпсіздік туралы ақпарат

WF0804Y8-02842Z_KZ.indd 10

2011-2-19 11:05:55

Page 102
Image 102
Samsung WF0804Y8E1/YLP, WF0804Y8N1/YLP, WF0804Y8E/YLP manual 10 қауіпсіздік туралы ақпарат