• Wool Certified бағдарламасы

Бұл машина Woolmark Company компаниясының машинада жуылатын жүн маталарға қойылатын талаптарға сай

сыналған және сынақтан өткен. Бұл қолданыстағы Woolmark талаптарын артығымен қанағаттандырып ғана қоймай, жуу үрдісін жүзеге асырумен қатар, жүн маталарға күтім көрсетеді дегенді білдіретін сертификаттау таңбасы.

Маталарды Woolmark және Samsung компаниялары арнайы көрсеткендей, затбелгісіндегі нұсқауларға сай жуу керек.

Қолмен жуу бағдарламасы

Температураны тиісінше таңдау, баппен жуу бағдарламасын таңдау және судың мөлшерін қажетінше анықтау арқылы матаға арнайы күтім көрсетуге болады.

Кешіктіріп аяқтау

Циклді бір сағаттық қадам бойынша 19 сағатқа дейін кешіктіріп, кір жуғыш машинаңызды әсіресе далаға кеткен кезде ұтымды қолдануыңызға болады.

Бала қауіпсіздігінің құралы

Бала қауіпсіздігінің құралы кір жуғыш машинаңызды кішкене балалардың қолынан сақтайды. Бұл қауіпсіздік функциясы кір жуғыш машинаңыздың басқару құралдарымен ойнауға жол бермейді және қосып қойған кезде ескерту сигналын іске қосады.

Сандық сызбалы бейнебет

Сандық сызбалы бейнебетте орналасқан басқару панелі, еш қиындықсыз пайдалану үшін оңтайлы етіп жасалған. Еш қиындықсыз қолданылатын Сандық сызбалы бейнебетте орналасқан басқару панелі сізге параметрлерді тиісінше өзгертіп, тамаша жуу нәтижесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кең есік

Ерекше кеңейтілген есік қарауға ыңғайлы! Кірді оңай салуға және алуға, соның ішінде төсек жабдықтары, сүлгі тәрізді үлкен заттарды оңай алып-салуға мүмкіндік береді.

Бұл пайдаланушы нұсқаулығында жаңа Samsung кір жуғыш машинаңызды орнату, іске қолдану, оған күтім көрсетуге қатысты маңызды ақпараттар қамтылған. Басқару панелінің сипаттамасын, кір жуғыш машинаны қолдану туралы нұсқаулар мен оның соңғы замандық технологияға сай мүмкіндіктері мен функцияларын толыққанды қолдануға қатысты ақпаратты осы нұсқаулықтан алыңыз. 37-ші беттегі “Ақаулықты түзету және ақпарат кодтары” тарауында, жаңа кір жуғыш машинада ақау пайда болса, қандай шара қолдануға болатындығы айтылған.

Жаңа samsung кір жуғыш машинасының функциялары _3

WF0804Y8-02842Z_KZ.indd 3

 

 

2011-2-19 11:05:52