АБАЙ БОЛЫҢЫЗ ІСКЕ ҚОЛДАНУҒА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ
Құрылғыны жуғыш зат, шаң, тағам қалдықтары т.с.с. зат ластаса, ашаны розеткадан суырыңыз да, кір жуғыш машинаны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
-Бұлай істемегенде, құрылғының өңі кетіп, деформациялануы не бүлінуі не тоттануы мүмкін.
Қатты соққы тисе алдыңғы шынысы сынып қалуы мүмкін. Кір жуғыш машинаны қолданған кезде абай болыңыз.
-Шыны сынып қалса, адамды жарақаттауы мүмкін.
Су құйылмай қалса немесе су құятын түтікті қайта жалғаған кезде, судың шүмегін баяу ашыңыз.
Судың шүмегін құрылғыны ұзақ уақыт қолданбай барып іске қосқанда байқап ашыңыз.
-Су құятын түтіктегі немесе су құбырындағы ауаның қысымы, құрылғының бөлшегіне зақым келтіруі немесе су ағып кетуге себеп болуы мүмкін.
Жұмыс істеп тұрған кезде су төгілсе, су төгуге қатысты ақаулықтың
-Су төгіліп, құрылғы суда қалған кезде оны іске қоссаңыз, электр тоғы таралып, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Кірді салған кезде есікке қысылып қалмайтын етіп, барабанға әбден салу керек.
-Егер кір есікке қыстырылып қалса, киімге немесе кір жуғыш машинаға нұқсан келуі немесе су ағуы мүмкін.
Кір жуғыш машинаны қолданбаған кезде, су шүмегінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
-Су құятын түтіктің жалғастырғышының бұрандасының тиісінше қатайтылғанын тексеріңіз.
-Бұлай істемеген жағдайда, мүлікке зиян келуі не адам жарақаттануы мүмкін.
Резеңке тығыздағышты басқа зат (қалдық, жіп т.с.с.) ластап тастамағанын тексеріңіз.
-Егер есік дұрыс жабылмаса, су ағып кетуі мүмкін.
Судың шүмегін ашыңыз да, су құятын түтіктің жалғастырғышының әбден қатайтылғанын және құрылғыны қайта қолданар алдында еш су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
-Егер бұрандалар немесе су құятын түтіктің жалғастырғышы босап тұрса, су ағып кетуі мүмкін.