кір жуғыш машинаны тазалау және оған күтім көрсету

Кір жуғыш машинаны таза ұстаған кезде жақсы жұмыс жасайды, жөндеу жұмыстарының алдын алады, құрылғының қолданыс мерзімі ұзарады.

ECO DRUM CLEAN БАҒДАРЛАМАСЫ

Бұл өздігінен тазалауға арналған, кір жуғыш машина ішінде қалып қоюы мүмкін зеңді тазалайтын цикл.

1. Power (Қуат) түймешігін басыңыз. 2. Cycle Selector (Цикл таңдау) тетігін ECO Drum Clean

режиміне қойыңыз.

Тек Кешіктіріп аяқтау функциясын қолдануыңызға

болады.

ECO Drum Clean циклі кезінде судың температурасы 70 ˚C қалпына қойылады.

Температураны өзгерте алмайсыз.

3.Шайғыш затты қажетті мөлшерде жуғыш зат

үлестіргішке салыңыз да, жуғыш зат үлестіргішті (барабанды шайғыш затты қолданып тазалағанда) жабыңыз.

Барабанды шаю үшін ұсынылған шайғыш затты

ғана қолдануды ұмытпаңыз.

Барабанды шаюға арналған ұнтақ заттар мен сұйық шайғыштар болады. Сұйық шайғыш затты тек сұйық жуғыш затқа арналған қорапша бар болса ғана қолдануға болады (опция).

4.Start/Pause (Бастау/Үзіліс) түймешігін басыңыз.

Егер Start/Pause (Бастау/Үзіліс) түймешігін бассаңыз, ECO Drum Clean циклі басталады.

ECO Drum Clean циклін қолданып, барабанды шайғыш затсыз тазалауға болады.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗКір жуғыш машинада кір тұрған кезде ECO Drum Clean циклін ешқашан қолданбаңыз. Киімді немесе кір жуғыш машинаны бүлдіруі мүмкін.

ECO Drum Clean циклі үшін ешқашан әдеттегі жуғыш затты қолданбаңыз.

Шайғыш затты өндірушінің нұсқауына сай тек 1/10 барабан шайғыш затты қолданыңыз.

Хлорлы ағартқыш заттарды қолданғанда құрылғының өңі кетіп қалуы мүмкін болғандықтан, тек оттегілі ағартқыш заттарды ғана қолданыңыз.

Ұнтақ шайғыш зат: [Барабанды тазалау үшін тек ұнтақ ағартқышты] немесе [шайғыш затты қолданыңыз].

Сұйық шайғыш зат: [Барабанды тазалау үшін тек оттегілі, сұйық ағартқышты] немесе [шайғыш затты қолданыңыз].

32_ кір жуғыш машинаны тазалау және оған күтім көрсету

WF0804Y8-02842Z_KZ.indd 32

 

 

2011-2-19 11:06:11