қауіпсіздік туралы ақпарат

ЕСКЕРТУ ОРНАТУҒА ҚАТЫСТЫ ҚАТАҢ ЕСКЕРТУЛЕР

Бұл құрылғыны білікті техник немесе қызмет көрсету орталығы орнатуға тиіс.

-Бұл нұсқау орындалмаған жағдайда, электр, өрт, жарылыс қатері орын алуы, өнімге нұқсан келуі не адам жарақат алуы мүмкін.

Бұл ауыр құрылғы, көтерген кезде абайлаңыз

Қорек сымын 220-240VВ/50Гц не бұдан қуатты розеткаға жалғаңыз және розетканы тек осы құрылғы үшін қолданыңыз. Сонымен қатар, ұзартқыш сымды қолдануға болмайды.

-Розеткаға ұзартқышты немесе көп-салалы қосқышты пайдаланып басқа құрылғыларды қоссаңыз, электр қатері не өрт шығуы мүмкін.

-Желі кернеуі, жиілік пен тоқ мәндерінің, құрылғының техникалық параметрлеріне сай келетінін тексеріңіз. Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін. Ашаны розеткаға мықтап сұғыңыз.

Құрылғының ашасы қосылатын ағытпалар мен контакттарын, шаң немесе су тәрізді басқа заттардан құрғақ шүберекті қолданып мезгіл-мезгіл тазалап отырыңыз.

-Ашаны розеткадан суырып, құрғақ шүберекпен тазалаңыз.

-Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Ашаны розеткаға қорек сымы еденді бойлай жататын етіп дұрыс бағытта сұғыңыз.

-Егер ашаны розеткаға кері бағытта сұқсаңыз, қорек кабелінің ішіндегі сымдар бүлініп, нәтижесінде электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Орам материалдарының барлығын баланың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз, себебі орам материалдары балалар үшін қауіпті болуы мүмкін.

-Бала қалтаны басына киіп алса, тұншығып қалуы мүмкін.

Құрылғы немесе қорек сымы бүлінген жағдайда, жақындағы қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Бұл құрылғыны жерге дұрыс қосу керек.

Құрылғыны газ құбыры, пластик су құбыры немесе телефон желісі арқылы жерге қоспаңыз.

-Электр қатері орын алуы, өрт, жарылыс шығуы немесе құрылғыға зақым келуі мүмкін

-Құрылғының ашасын жерге дұрыс қосылмаған розеткаға ешқашан жалғамаңыз, оны жергілікті және мемлекеттік стандарттарға сай жерге қосыңыз.

Бұл құрылғыны қыздырғыштың немесе тұтанғыш заттың қасына қойып іске қоспаңыз.

Бұл құрылғыны ылғалды, майлы немесе шаңды жерге немесе күн сәулесі тура түсетін, су ағатын (жаңбыр тамшысы) жерге қоймаңыз.

Бұл құрылғыны температурасы төмен жерге қоймаңыз

-Аяз түтіктерді жарып жіберуі мүмкін

Бұл құрылғыны газ жылыстап шығуы мүмкін жерге орнатпаңыз.

-Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Электрлі трансформаторды қолданбаңыз.

-Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

6_ қауіпсіздік туралы ақпарат

WF0804Y8-02842Z_KZ.indd 6

2011-2-19 11:05:54

Page 98
Image 98
Samsung WF0804Y8E/YLP, WF0804Y8E1/YLP, WF0804Y8N1/YLP manual Ескерту Орнатуға Қатысты Қатаң Ескертулер