Бұл жердегі ескерту белгілері өзіңіз және басқа адамдар жарақат алмас үшін берілген.

Оларды мұқият орындаңыз.

Осы бөлімді оқып болғаннан кейін, келешекте қарап жүру үшін сенімді жерге сақтап қойыңыз.

Құрылғыны қолданар алдында барлық нұсқауларды оқып шығыңыз.

Электр қуатын қолданатын және айналатын бөлшектері бар кез келген құрылғы тәрізді, бұл құрылғы да қатерлі жағдайлар туғызуы мүмкін. Құрылғыны қауіпсіз іске қосу үшін, оны іске қолдану және күтім көрсету жолдарын білуіңіз керек.

Балаларға (не үй жануарларына) кір жуғыш машинаның үстіне шығып не ішіне кіріп ойнауға рұқсат бермеңіз. Кір жуғыш машинаның есігі ішкі жағынан оңай ашылмайды, сондықтан да балалар қатты жарақат алуы немесе қамалып қалуы мүмкін.

Бұл құрылғы кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану ЕСКЕРТУ тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар (балаларды қоса алғанда) қолдануға

арналмаған. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.

Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.

Егер аша (қорек сымының) бүлініп қалса, қатерлі жағдай орын алмас үшін оны өндіруші немесе өндірушінің уәкілетті агенті немесе білікті адам ауыстыруға тиіс.

Бұл құрылғыны розеткаға, су құятын шүмектер мен су төгетін құбырларға жақын жерге орнату керек.

Желдеткіш саңылаулары табанында орналасқан кір жуғыш машиналардың желдеткіш саңылауларын кілем не басқа зат бітеп тастамағанына көз жеткізіңіз.

Жаңа түтіктер жинағын қолдану керек, ескі түтіктерді қайта қолдануға болмайды.

WF0804Y8-02842Z_KZ.indd 5

қауіпсіздік туралы ақпарат _5

2011-2-19 11:05:54

Page 97
Image 97
Samsung WF0804Y8N1/YLP, WF0804Y8E1/YLP, WF0804Y8E/YLP manual WF0804Y8-02842ZKZ.indd