кір жуу

Киімдерді цикл таңдау тетігін қолданып жуу

Жаңа кір жуғыш машинаңыз кір жууды Samsung “Fuzzy Control” автоматты басқару жүйесін қолдану арқылы жеңілдетеді. Жуу бағдарламасын таңдаған кезде, машина дұрыс температураны, жуу уақытын және жуу жылдамдығын орнатады.

1.Раковинадағы су шүмегін ашыңыз.

2.Power (Қуат) түймешігін басыңыз.

3.Есікті ашыңыз.

4.Заттарды барабанға бір-бірден, қатты толтырмай салыңыз.

5.Есікті жабыңыз.

6.Жуғыш затты, жұмсартқышты және алдын ала жуғыш затты (егер қажет болса) тиісті үлестіргіштерге салыңыз.

Алдын ала жуу циклі тек Мақта мата, Синтетика, Джинс, Төсек жабдығы, Баран киімдер, Күнделікті жуу, Балаға арналған циклдерде ғана жұмыс істейді. Бұл цикл кір қатты кірлеген кезде ғана қажет.

7.Тиісті циклді матаның түріне қарай таңдау үшін Cycle Selector (Цикл таңдау) тетігін қолданыңыз: Мақта мата, Синтетика, Джинс, Төсек жабдығы, Баран киімдер, Күнделікті жуу, Супер Эко жуу, Сырт киім, Балаға арналған, Жүн мата, Қолмен жуу. Басқару панелінде тиісті индикаторлар жанады.

8.Осы кезде жуу температурасын, шаю мөлшерін, айналдыру жылдамдығын және кешіктіріп бастау параметрлерін, тиісті параметр түймешігін басып реттеуге болады.

9.Start/Pause (Бастау/Үзіліс) түймешігін басыңыз, кір жуыла бастайды. Үрдіс индикаторы жанады да, бейнебетте циклдің соңына дейін қалған уақыт пайда болады.

Үзіліс параметрі

Жуу басталғаннан кейін 5 минут ішінде, кірді қосып салуға/алуға болады.

1.Есіктің бекітпесін ашу үшін Start/Pause (Бастау/Үзіліс) түймешігін басыңыз.

Су өте ЫСТЫҚ болған кезде немесе судың деңгейі өте ЖОҒАРЫ болған кезде есікті ашу мүмкін емес.

2.Есікті жапқаннан кейін, кір жууды бастау үшін Start/Pause (Бастау/Үзіліс) түймешігін басыңыз.

Цикл аяқталған кезде:

Цикл толығымен аяқталған кезде, қуат автоматты түрде сөнеді.

1.Есікті ашыңыз.

2.Кірді алыңыз.

28_ кір жуу

WF0804Y8-02842Z_KZ.indd 28

2011-2-19 11:06:08

Page 120
Image 120
Samsung WF0804Y8E1/YLP Киімдерді цикл таңдау тетігін қолданып жуу, 28 кір жуу, Үзіліс параметрі, Цикл аяқталған кезде