ЖУҒЫШ ЗАТ ҮЛЕСТІРГІШ ПЕН ҮЛЕСТІРГІШ ҰЯСЫН ТАЗАЛАУ
ҰСТАУКҮТІП ЖӘНЕ
1.Жуғыш зат үлестіргіштің ішіндегі тетікті басып, жуғыш зат үлестіргішті тартып шығарыңыз.
2.Жуғыш зат үлестіргіштегі мата жұмсартқыш затты бөлгіш пен сұйық жуғыш (опция) зат қорапшасын алыңыз.
Босатқыш тетік
Сұйық жуғыш зат қорапшасы (Опция)
Мата жұмсартқыштың бөлгіші
03ТАЗАЛАУ
3.Барлық бөліктерін ағып тұрған сумен жуыңыз.
4.Жуғыш зат үлестіргіштің ұясын ескі тіс шөткесімен тазалаңыз.
5.Мата жұмсартқыш затты бөлгіш пен сұйық жуғыш
(опция) зат қорапшасын, үлестіргішке мықтап итере отырып салыңыз.
6.Үлестіргішті орнына қойыңыз.
7.Қалған жуғыш затты тазалау үшін, барабанға ешбір кір салмай шаю циклін орындаңыз.
СУ ТҮТІГІНІҢ ТОРКӨЗ СҮЗГІСІН ТАЗАЛАУ
Су түтігінің торкөз сүзгісін кем дегенде жылына бір рет тазалап отыру керек немесе бейнебетте “4E” жазуы көрсетілген кезде тазалау керек:
1.Кір жуғыш машинаға су құюды тоқтатыңыз.
2.Машинаның арт жағындағы түтікті бұрап ағытып алыңыз. Түтіктегі қысымға байланысты су атқылап кетпес үшін, түтікті шүберекпен жабыңыз.
3.Түтіктің ұшындағы торкөз сүзгіні, қысқышты пайдаланып еппен тартып шығарыңыз да, сумен тазарғанша шайыңыз. Сонымен қатар, бұрама жалғастырғыштың іші мен сыртын тазалаңыз.
4.Сүзгіні орнына қойыңыз.
5.Сүзгіні жуғыш машинаға бұрап салыңыз.
6.Қосылымнан су ақпайтынына көз жеткізіңіз де, судың шүмегін ашыңыз.