Іске пайдалану
Параметрлер
Іске пайдалану
Бала қауіпсіздігінің құралы
Бала қауіпсіздігінің құралы балаларға қатысты оқыс жағдайларға ұшырамау үшін барлық түймешіктерді бұғаттайды. Дегенмен, Бала қауіпсіздігінің құралы Бастау/Үзіліс түймешігі басылғанша іске қосылмайды. Кідіріп тұрған кезде есікті ашуға немесе тиісті түймешіктерді басып параметрлерді өзгертуге болады. Дегенмен, кір жуғыш машинаны іске қосу үшін Бастау/ Үзіліс түймешігін басқаннан кейін Бала қауіпсіздігінің құралы қайта қосылады.
•Бала қауіпсіздігінің құралы Қуат түймешігінен басқа түймешіктердің барлығын бұғаттайды.
•Бала қауіпсіздігінің құралын қосу немесе сөндіру үшін Температура (Темп.)
және Полоскание (Шаю) түймешіктерін 3 секунд қатар басып ұстап тұрыңыз.
ЕСКЕРІМ
Бала қауіпсіздігінің құралы қосылып тұрғанда барабанға жуғыш зат немесе көбірек кір қосып салу үшін немесе цикл параметрлерін өзгерту үшін әуелі Бала қауіпсіздігінің құралын сөндіру керек.
Дыбыстық сигналды қосу/сөндіру
Пернені қосуға немесе сөндіруге болады. Машинаны іске қосқаннан кейін таңдалған параметр белсенді күйде тұрады.
•Үнсіз режимге қою үшін Полоскание
(Шаю) және Отжим (Айналдыру)
түймешіктерін 3 секунд қатар басып ұстап тұрыңыз.
•Дыбысты қайта қосу үшін тағы 3 секунд басып ұстап тұрыңыз.
34 Казақ