Іске кірісу алдында

Кір жуу туралы кеңес

Іске кірісу алдында

1-ҚАДАМ Сұрыптау

Кірді төмендегі белгілері бойынша сұрыптаңыз:

Затбелгі: Кірді мақта мата, аралас мата, синтетика, жібек мата, жүн мата және жасанды талшық түрлеріне бөліп сұрыптаңыз.

Түсі: Ақ киімдерді түрлі түсті киімдерден бөліңіз.

Көлемі: Барабанға әр түрлі киімдерді араластырып салу жуу нәтижесін жақсартады.

Нәзіктік: Нәзік матадан жасалған заттарды, таза, жаңа жүн мата, перде және жібек матаға арналған баппен жуу циклымен жеке жуыңыз. Жуылатын киімдердің затбелгілерін қараңыз.

ЕСКЕРІМ

Киімдердің затбелгілерін міндетті түрде қарап, жуу алдында тиісінше сұрыптаңыз.

2-ҚАДАМ Қалталарды босатыңыз

Киімдердің барлығының қалталарын босатыңыз.

Киімдегі тиын, түйреуіш және қапсырма тәрізді темір заттар басқа киімдерге, сонымен қатар барабанға зақым келтіруі мүмкін.

Түймелері және жиектемелері бар киімдердің астарын сыртына аударыңыз.

Шалбарлардың немесе күртешелердің тартпалары жуған кезде ашық тұрса, барабанға зақым келуі мүмкін. Тартпаларды салып, баумен бекіту керек.

Ұзын бауы бар киімдер басқа киімдерге байланып қалуы мүмкін. Киімнің бауларын жумай тұрып міндетті түрде байлаңыз.

3-ҚАДАМ Кір жууға арналған торды пайдалану

Төс тартқышты (сумен жуылатын) кір жууға арналған торға салу керек. Төс тартқыштың темір бөліктері тесіп, басқа кірлерді бүлдіруі мүмкін.

Нәски, қолғап, шұлық және бет орамал тәрізді кішкене, жеңіл заттар есіктің арасына қыстырылып қалуы мүмкін. Оларды кір жууға арналған торға салыңыз.

Кір жууға арналған торды кір салмай жумаңыз. Себебі машина қалыптан тыс дірілдеп, орнынан жылжып, адам жарақат алуы мүмкін.

24 Казақ

WW5000J(SERK)-03578B-04_KZ (CIS).indd 24

2015-12-22 ￿￿ 8:02:07

Page 80
Image 80
Samsung WW60J5213HSDLP manual Кір жуу туралы кеңес, ҚАДАМ Сұрыптау, ҚАДАМ Қалталарды босатыңыз