Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Судың шүмегін ашыңыз да, су құятын түтік жалғастырғышының әбден қатайтылғанын және құрылғыны қолданар алдында еш су ақпай тұрғанын тексеріңіз.
•Егер су құятын түтік жалғастырғышының бұрандалары босап қалса, су ағып кетуі мүмкін. Сатып алған құрылғыңыз тұрмыста қолдануға ғана арналған.
Құрылғыны коммерциялық мақсатта пайдалану, көрсетілген мақсатта пайдаланбауға жатады. Бұндай жағдайда, өнім Samsung тарапынан берілетін стандартты кепілдік бойынша қарастырылмайды және дұрыс қолданбау салдарынан орын алған ақау немесе нұқсанға Samsung компаниясы жауапкершілік көтермейді.
Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе үстіне зат (мысалы, кір, жанып тұрған шамшырақ, тұтатылған темекі,
•Бұның нәтижесінде электр, өрт қатері орын алып, құрылғыға нұқсан келуі не адам жарақаттануы мүмкін.
•Бұндай заттар адам үшін ғана қауіпті емес, электр қатерін тудыруы, өрт шығаруы немесе құрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін.
Электрмагнитті өріс шығаратын заттарды кір жуғыш машинаның қасына қоймаңыз.
•Дұрыс жұмыс істемей, адам жарақат алуы мүмкін.
Жоғары температурамен жуу кезінде төгілген су немесе кептіру циклы ыстық болады. Суға қол тигізбеңіз.
•Күйіп қалуыңыз немесе жарақат алуыңыз мүмкін.
Су өткізбейтін көрпеше, төсем немесе киімдерді (*), құрылғыңызда осындай заттарды жууға арналған арнайы цикл болмаса жумаңыз.
(*): Жүн матадан жасалған төсек жабдықтары, жаңбыр жамылғылары, балықшы күртешесі, шаңғы тебуге арналған шалбар, жол төсек, жаялық, терлеуге, велосипед, мотоцикл, машинаны т.с.с. жабуға арналған жамылғылар.
•Қалың немесе қатты матрацтарды, затбелгісінде ''кір жуғыш машинамен жууға болады'' деп көрсетілсе де жумаңыз. Қалыптан тыс дірілдеудің әсерінен кір жуғыш машинаға, қабырғаға, еденге немесе киімге нұқсан келуі мүмкін.
•Еден сүрткіштерді немесе резеңкемен астарланған аяқ сүрткіштерді жумаңыз. Резеңке астары алынып, барабанға жабысып қалып, су төгуге байланысты ақаулықтар пайда болуы мүмкін.
Кір жуғыш машинаны жуғыш зат салынатын қорапшасы алынып тұрса қоспаңыз.
•Аққан судың әсерінен электр қатері пайда болуы не адам жарақат алуы мүмкін.
Кептіріп жатқанда немесе кептіріп бола сала барабанның ішіне қолыңызды тигізбеңіз, себебі ыстық.
•Күйіп қалуыңыз мүмкін.