5.Құрылғымен бірге жеткізілген жаңа түтіктер жинағын қолдану керек, ескі түтіктерді қайта қолдануға болмайды.

6.Желдеткіш саңылаулары табанында орналасқан кір жуғыш машиналардың саңылауларын кілем немесе басқа заттар бөгеп тастамауы керек.

7.Еуропада пайдалануға арналған: 3 жасқа толмаған балаларды үздіксіз бақылап отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

8.Тоқты айырып-қосқыштардың параметрін дұрыс орнатпау нәтижесінде тоқ сөніп қалған жағдайда қауіпті жағдайларға жол бермеу үшін бұл құрылғыға таймер тәрізді сыртқы құралды орнатпау керек немесе құрал арқылы жиі қосылатын және сөндірілетін тізбекке қоспау керек.

Орнатуға қатысты қатаң ескертулер

ЕСКЕРТУ

Бұл құрылғыны білікті техник немесе қызмет көрсету орталығы орнатуға тиіс.

Бұл нұсқау орындалмаған жағдайда, электр, өрт, жарылыс қатері орын алуы, өнімге нұқсан келуі не адам жарақат алуы мүмкін.

Бұл ауыр құрылғы, сондықтан көтерген кезде абайлаңыз.

Қорек сымын АТ 220 - 240 В / 50 Гц не бұдан қуатты розеткаға жалғаңыз және розетканы тек осы құрылғы үшін қолданыңыз. Ешқашан ұзартқыш сымды пайдаланбаңыз.

Розеткаға ұзартқышты немесе көп-салалы қосқышты пайдаланып басқа құрылғыларды қоссаңыз, электр қатері не өрт шығуы мүмкін.

Желі кернеуінің, жиілік пен тоқ мәндерінің, құрылғының техникалық параметрлеріне сай келетінін тексеріңіз. Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін. Ашаны розеткаға мықтап сұғыңыз.

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Казақ 5

WW5000J(SERK)-03578B-04_KZ (CIS).indd 5

2015-12-22 ￿￿ 8:02:03

Page 61
Image 61
Samsung WW60J5213HSDLP manual Абай Болыңыз, Орнатуға қатысты қатаң ескертулер