Қолыңызды жуғыш зат қорапшасына салмаңыз.
•Жуғыш затты қосатын құралға қолыңыз қыстырылып қалып, жарақат алуыңыз мүмкін.
•Сұйық жуғыш зат үлестіргіші (қолданылатын үлгілерде ғана) ұнтақ жуғыш зат үшін қолданылмайды. Ұнтақ жуғыш затты пайдаланғанда үлестіргішті алыңыз.
Кір жуғыш машинаға жуылатын кірден басқа затты (мысалы, аяқ киім, тағамның қалдығы, жануарлар) салмаңыз.
•Себебі кір жуғыш машинаға зақым келуі, егер жануарларды салсаңыз, қалыптан тыс дірілдің себебінен жарақат алуы не өліп қалуы мүмкін.
Түймешіктерді түйреуіш, пышақ, тырнақ т.с.с. өткір затпен баспаңыз.
•Электр қатері орын алуы не адам жарақаттануы мүмкін.
Иіс май дүкендерінде сатылатын не массаж салондарында қолданылатын май, крем немесе лосьон тәрізді заттар ластаған кірлерді жумаңыз.
•Себебі резеңке тығыздағыш деформацияланып, су ағуы мүмкін.
Түйреуіш немесе шаш түйреуіштері тәрізді темір заттарды не ағартқышты ұзақ уақыт барабан ішінде қалдырмаңыз.
•Себебі барабанды тот басуы мүмкін.
•Егер барабанның бетінде тот пайда болса, оған шайғыш заттан (бейтарап) жағып, жөкемен тазалаңыз. Ешқашан темір шөткені қолданбаңыз.
Құрғақ жуғыш затты ешқашан тура қолданбаңыз және құрғақ жуғыш зат тұрып қалған киімдерді жумаңыз, шаймаңыз не айналдырмаңыз.
•Себебі майдың тотықтануына байланысты кенет жарылыс шығуы немесе тұтануы мүмкін.
Су салқындататын/қыздыратын құрылғылардың ыстық суын қолданбаңыз.
•Кір жуғыш машинада ақау пайда болуы мүмкін.
Кір жуғыш машинада кәдімгі қол сабынды қолданбаңыз.
•Егер батталып, кір жуғыш машина ішінде жиналып қалса, ақау пайда болуы, құрылғының өңі кетуі, тот басуы не жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
Нәски, төс тартқыш тәрізді заттарды кір жуатын торға салып, басқа киімдерге қосып жуыңыз. Төсек жайма тәрізді үлкен заттарды кір жуатын торға салып жумаңыз.
•Бұлай істемеген жағдайда, қалыптан тыс дірілдеу, адамның жарақаттануына себеп болуы мүмкін.
Қатып қалған жуғыш затты қолданбаңыз.
•Егер кір жуғыш машина ішіне жиналып қалса, су ағып кетуі мүмкін.
Жуылатын киімдердің барлығының қалталарының бос екеніне көз жеткізіңіз.
•Тиын, түйреуіш, тырнақ, бұранда немесе тас тәрізді қатты, өткір заттар құрылғыға аса қатты зиян келтіруі мүмкін.
Үлкен қапсырмалары, түймелері бар немесе басқа ауыр темір зат тағылған киімдерді жумаңыз.
Казақ 11
Қауіпсіздік туралы ақпарат