Кір жуу бойынша нұсқаулық

1-ҚАДАМ - Сұрыптау

Кір жууды мына шарттар бойынша сұрыптаңыз:

Күтім көрсету жапсырмасы: Жуылатын заттарды мақта мата, аралас талшықтар, синтетика, жібек мата, жүн мата және жасанды мата түрлеріне бөліп сұрыптаңыз.

Түсі: Ақ мата мен түрлі түсті маталарды бөліңіз.

Өлшемі: Барабандағы әртүрлі өлшемдегі элементтерді араластыру кір жуу өнімділігін жақсартады.

Сезгіштігі: Таза, жаңа жүн бұйымдар, перделер және жібек бұйымдарына арналған Жеңіл үтіктеу опциясын пайдалану арқылы нәзік бұйымдарды бөлек жуыңыз. Бұйымдардың затбелгілерін тексеріңіз.

Киімдердегі күту жапсырмасын тексеріп, кір жууды бастаудан бұрын оларды тиісті түрде сұрыптаңыз.

2-ҚАДАМ - Қалталарды босату

Кірлердің барлық қалталарын босатыңыз.

Киімдердегі тиындар, түйреуіштер, түймеліктер сияқты металл нәрселер басқа жуу бұйымдарын, сондай-ақ, барабанды зақымдауы мүмкін.

Киімнің түймелерін және сәндерін ішкі қаратыңыз.

Жалбар және жакеттердің қарсы ілгектері жуу кезінде ашық болса, барабан зақымдалуы мүмкін. Қарсы ілгек жабылып, баумен байлануы керек.

Ұзын баулары бар киімдер басқа киімдермен шатасуы мүмкін. Кір жуардың алдында баулардың дұрыс байланғанына көз жеткізіңіз.

3-ҚАДАМ - Кір жуу торын пайдалану

Төсжапқыштар (суда жуылатын) кір жуу торына салынуы керек. Төсжапқыштардың металл бөлшектері сынуы және басқа кір жуу бұйымдарын бүлдіруі мүмкін.

Есікте шұлық, қолғап, шұлық және беторамал сияқты ұсақ заттар қысылып қалуы мүмкін. Оларды жұқа тордан жасалған қаптарға салған жөн.

Кір жуу бұйымдарынсыз кір жуу торының өзін жумаңыз. Бұл кір жуу машинасының дірілдеуіне және жарақатқа себеп болуы мүмкін қалыпсыз дірілдеуге әкелуі мүмкін.

4-ҚАДАМ - Алдын ала жуу (қажет болса)

Ауыр ластанған мақта бұйымдары үшін ақуыздарға негізіндегі кір жуу құралы бар таңдалған курсқа Алдын ала жуу опциясын қосыңыз.

Қазақша - 19

03 БАСТАУДАН БҰРЫН

WW90H7410EW-03403F_KK.indd 19

2014/3/22 20:03:01

Page 107
Image 107
Samsung WW90H7410EW/LP Кір жуу бойынша нұсқаулық, Қадам Сұрыптау, Қадам Қалталарды босату, Қадам Кір жуу торын пайдалану