Кір жуғыш машинада кәдімгі қол сабынды қолданбаңыз.
• Егер батталып, кір жуғыш машина ішінде жиналып қалса, ақау пайда болуы, құрылғының өңі кетуі, тот басуы не жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
Нәски, төс тартқыш тәрізді заттарды кір жуатын торға салып, басқа киімдерге қосып жуыңыз.
Төсек жайманы торға салып жумаңыз.
• Бұлай істемеген жағдайда, қалыптан тыс дірілдеу, адамның жарақаттануына себеп болуы мүмкін.
Қатып қалған кір жууға арналған құралдарды пайдаланбаңыз.
• Егер кір жуғыш машина ішіне жиналып қалса, су ағып кетуі мүмкін.
Жуылатын киімдердің барлығының қалталарының бос екеніне көз жеткізіңіз.
• Тиын, түйреуіш, тырнақ, бұранда немесе тас тәрізді қатты, өткір заттар құрылғыға аса қатты зиян келтіруі мүмкін.
Үлкен қапсырмалары, түймелері бар немесе басқа ауыр темір зат тағылған киімдерді жумаңыз.
Кірлерді бояуының беріктігіне қарай түстерге бөліп, ұсынылған циклды, судың температурасын және қосымша функцияларды таңдаңыз.
• Себебі кірдің түсі кетіп немесе матасына зақым келуі мүмкін.
Есікті жапқан кезде балалардың саусақтары қысылып қалмау үшін абай болыңыз. • Нұсқау орындалмаса, жарақат алуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Тазалауға қатысты қатаң ЕСКЕРТУЛЕР
Машинаға жай ғана су шашып, тазаламаңыз.
Күшті қышқылы бар тазалағыш құралды пайдаланбаңыз.
Кір жуғыш машинаны тазалау үшін бензол, еріткіш немесе спиртті пайдаланбаңыз.
•Себебі, құрылғының түсі кетіп, деформацияланып, бүлініп немесе электр қатері орын алуы, өрт шығуы мүмкін.
Кір жуғыш машинаны тазалау немесе оған техникалық қызмет көрсету алдында машинаны қуаттану көзінен қабырға розеткасынан қуаттану айырын суыру арқылы ажыратыңыз.
•Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Қазақша - 10
2014/3/22 20:03:00