Қауіпсіздікке қатысты маңызды ескертулер

ЕСКЕРТУ: Өрт қаупін, электр тогының соғуы немесе дене жарақаты қаупін азайту үшін негізгі сақтандыруларды орындаңыз, соның ішінде:

Балаларға (немесе үй жануарларына) өзіңіздің кір жуғыш машинаңызда немесе соның ішінде ойнауына жол бермеңіз. Кір жуғыш машинаның есігін іштен ашу өте қиын, сондықтан балалар машинаның ішінде қалып қойса, қатты зақым келуі мүмкін.

Бұл құрылғыны кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем немесе құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар (балаларды қоса алғанда) пайдаланбауға және өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша ғана пайдалануға тиіс.

Балалардың машинамен ойнамайтындығына сенімді болу үшін оларға қарап жүріңіз.

Еуропада пайдалану үшін: Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқандар ғана қолдануға тиіс және кембағал, сезім жүйесі дамымаған немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар құрылғыны қауіпсіз қолдану, қатерлі жағдайлар туралы нұсқау алса немесе тиісті адамның қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс. Балалар құрылғымен ойнамауға тиіс. Балалар үлкендердің қарауынсыз тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын орындамауға тиіс.

Егер жеткізілген сым зақымданған болса, зиянның алдыну алу үшін оны өндіруші, оның қызметтік агенті, ұқсас білікті адам жаңасына ауыстыруы керек.

Бұл құрылғы қуат қосышы, су беру краны және ағызу құбырлары қолжетімді тұратындай етіп орналастырылуы керек.

Желдеткіш саңылаулары табанында орнатылған құрылғылардың саңылауларын кілем бітеп тастамауға тиіс.

Ескі шланг жиынтығын қайта қолданбай, жабдықпен бірге берілетін жаңа шланг жиынтығы пайдаланылуы керек.

Қазақша - 4

WW90H7410EW-03403F_KK.indd 4

2014/3/22 20:02:59

Page 92
Image 92
Samsung WW80H7410EW/LP, WW90H7410EW/LP manual Қауіпсіздікке қатысты маңызды ескертулер