5Нәресте

мониторын

пайдалану

Ата-ана модулін нәресте модулімен байланыстырыңыз:

1Нәресте модуліндегі түймесін екі секунд бойы басып тұрыңыз.

»»Нәресте модулі қосылып, ондағы барлық көрсеткіштер қысқа уақытқа жанып, сөнеді.

2Ата-ана модуліндегі түймесін екі секунд бойы басып тұрыңыз.

»»Ата-ана модулі қосылып, ондағы барлық көрсеткіштер жанып, аз уақыттан кейін қайта сөнеді.

»»байланыс көрсеткіші қызыл түспен жыпылықтап, ата-ана модулі нәресте модулін іздей бастайды.

»»Байланыс орнатылғанда, байланыс көрсеткіші жасыл болып жанады.

»»Байланыс орнатылмаса, байланыс көрсеткіші қызыл болып жанады. Ата-ана модулі анда-санда дыбыстық сигнал беріп отырады.

Кеңес

••Ата-ана модулімен нәресте модулі арасындағы байланыс 15 секундтан аз уақытта орнатылады.

Нәресте мониторын орналастыру

Ескертпе

••Бақылау өнімділігі оңтайлы болу үшін, нәресте модулін баладан 1-2 метр (3,5-7 фут) қашықтықта ұстаңыз.

••Нәресте модулін желдеткіш, теледидар немесе радио сияқты шу шығаратын нәрселерден немесе терезеден аулақ орналастырыңыз.

••Нәресте модулі әрдайым нәрестеге қаратылуы керек.

1Нәресте модулі мен ток сымы балаңыздан кемінде 1 метр қашықтықта орналасуы керек.

2Жаңғырық болмауы үшін, ата-ана модулі мен нәресте модулінің арақашықтығы кемінде 1,5 метр болуы керек.

3Ата-ана модулін нәресте мониторының қызмет ету аясында пайдаланыңыз. Дыбыс жақсы естілуі үшін, ата-ана модулін өзіңізге жақын жерге қойыңыз.

84KK

Page 84
Image 84
Philips SCD505 user manual Нәресте Мониторын Пайдалану, Ата-ана модулін нәресте модулімен байланыстырыңыз