Неліктен ата-ана модулінен қатты шулы дыбыстар шығады?

•• Ата-ана модулі мен нәресте модулінің арасын кемінде 1,5 метрге дейін жақындатыңыз. Бірнеше секундтан кейін шуды басу функциясы қосылады.

•• Ата-ана модулінің дыбыс деңгейін азайтыңыз.

Неге дыбыс естілмейді? Баламның жылағаны неге естілмейді?

•• Ата-ана модулінің дыбыс деңгейін көтеріңіз.

•• Микрофонның сезімталдық деңгейін арттырыңыз.

•• Бала мен нәресте модулінің арасын жақындатыңыз.

•• Нәресте мониторын жұмыс диапазонының шегінен шығарсаңыз, ата-ана модулін нәресте модуліне жақындатыңыз. Сонда байланыс қайта орнатылады.

Неліктен ата-ана модулі басқа дыбыстарды тым жылдам қабылдайды?

•• Нәресте модулінің айналасындағы дыбыс көздерін алшақтатыңыз.

•• Микрофонның сезімталдық деңгейін төмендетіңіз.

Неліктен ата-ана модулі нәрестенің жылағанын өте кеш қабылдайды?

•• Нәресте модулінің микрофоны балаға қарап тұруы керек.

•• Нәресте модулін нәрестеңізге 1-2 метр қолайлы қашықтыққа қойыңыз.

•• Микрофонның сезімталдық деңгейін арттырыңыз.

Неліктен нәресте модуліндегі қайта зарядталмайтын батареялар тез отырады? Батарея қуатын қалай үнемдеуге болады?

•• Динамиктің дыбыс немесе микрофонның сезімталдық деңгейін азайтыңыз.

•• Пайдаланылмаса, нәресте модулі мен түнгі жарықты өшіріп қойыңыз.

•• ECO режимін қосыңыз.

Нәресте мониторының белгіленген жұмыс диапазоны — 330 метр. Неге нәресте мониторы бұдан аз қашықтықта ғана жұмыс істейді?

•• Көрсетілген диапазон тек дала, яғни ашық кеңістік үшін жарамды.

Неге ата-ана модулінің жұмыс уақыты 24 сағаттан аз?

•• Ата-ана модулін бастапқы 4 рет зарядтағанда, жұмыс уақыты 24 сағаттан аз болады. Қайта зарядталатын батареялар 4 рет зарядталып және зарядын жұмсап болғаннан кейін ғана сыйымдылығын толық пайдаланады.

•• Дыбыс және микрофонның сезімталдық деңгейін азайтыңыз.

Неге ата-ана модулі 8 сағаттан артық зарядталады?

•• Бірінші рет немесе ұзақ уақыт бойы қолданылмағаннан кейінгі зарядтау уақыты — 10 сағат.

•• Зарядтағанда, ата-ана модулін өшіріп қойыңыз.

Электр қуаты берілмей қалса, не болады?

•• Ата-ана модулі жеткілікті деңгейде зарядталып, нәресте модуліне батареялар салынған болса, нәресте мониторы қуат берілмей қалған жағдайда да жұмысын жалғастыра береді.

Ата-ана модулі өзінен-өзі неге өшіп қала береді? Ата-ана модулі неге қосылмайды?

•• 1-шешім: ата-ана модулінен батареяларды алып, қайта салыңыз. Ата- ана модулі автоматты түрде қосылады.

•• 2-шешім: қуат адаптерін ата-ана модуліне қосыңыз. Ата-ана модулі автоматты түрде қосылады.

88KK

Page 88
Image 88
Philips SCD505 Неліктен ата-ана модулінен қатты шулы дыбыстар шығады?, Микрофонның сезімталдық деңгейін төмендетіңіз