Samsung BD-F6500/RU manual Wi-Fi құрылғысы арқылы, Ойнатқыш арқылы PBC көмегімен, 30 Қазақша

Models: BD-F6500/RU

1 207
Download 207 pages 31.38 Kb
Page 168
Image 168

Параметрлер

Wi-Fi Direct

Сымсыз маршрутизаторсыз, тең құқылы желі арқылы Wi-Fi Direct құрылғыларын ойнатқышқа және бір-біріне қосуға мүмкіндік береді.

ЕСКЕРТПЕЛЕР

\\ Wi-Fi Direct арқылы жалғанған болса, кейбір Wi-Fi Direct құрылғылары AllShare функциясын қолдамауы мүмкін. Мұндай жағдайда, құрылғылардың арасындағы желі қосылымы әдісін өзгертуге кеңес беріледі.

\\ Bluetooth функциясын қолданып жіберу Wi-Fi Direct сигналына кедергі келтіруі мүмкін. Wi-Fi Direct функциясын қолданбас бұрын, кез келген қосулы ұялы құрылғыда Bluetooth функциясын өшіруді қатал түрде ұсынамыз.

1.Wi-Fi direct құрылғысын қосып, оның Wi-Fi Direct функциясын іске қосыңыз.

2.Басты экранда Параметрлер тармағын таңдап, v түймесін басыңыз.

3.Желі тармағын таңдап, содан кейін v түймесін басыңыз.

4.Wi-Fi Direct пәрменін таңдап, v түймесін басыңыз.

Қосылуға болатын Wi-Fi Direct құрылғылары көрсетіледі.

5.Wi-Fi қосылымын орнатудың үш жолы бар:

Wi-Fi құрылғысы арқылы.

PBC көмегімен ойнатқыш арқылы.

Ойнатқыш арқылы PIN кодын пайдаланып.

Әрқайсысы төменде қамтылған.

Wi-Fi құрылғысы арқылы

1.Wi-Fi құрылғысында құрылғыда екінші Wi-Fi Direct құрылғысына қосылу процедурасын орындаңыз. Нұсқауларды құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

2.Процедураны аяқтағанда, теледидар экранында Wi-Fi Direct қолдайтын құрылғысы қосылуды сұрағаны туралы айтатын қалқыманы терезені көресіз. OK тармағын таңдап, қабылдау үшін v түймесін басыңыз.

3.«Қосылу» қалқымалы терезесі, содан кейін «Қосылды» қалқымалы терезесі пайда болады. Ол жабылғанда, Wi-Fi Direct экранындағы тізімде құрылғыны қосылған ретінде көресіз.

Ойнатқыш арқылы PBC көмегімен

1.Осы ойнатқышқа қосу керек Wi-Fi Direct құрылғысын таңдап, содан кейін v түймесін басыңыз. PBC/PIN қалқымалы терезесі пайда болады.

2.PBC тармағын таңдап, содан кейін v түймесін басыңыз. PBC қалқымалы терезесі пайда болады.

3.2 минут ішінде Wi-Fi Direct құрылғысындағы PBC түймесін басыңыз.

4.«Қосылу» қалқымалы терезесі, содан кейін «Қосылды» қалқымалы терезесі пайда болады. Ол жабылғанда, Wi-Fi Direct экранындағы тізімде құрылғыны қосылған ретінде көресіз.

Ойнатқыш арқылы PIN кодын пайдаланып

1.Осы ойнатқышқа қосу керек Wi-Fi Direct құрылғысын таңдап, содан кейін v түймесін басыңыз. PBC/PIN қалқымалы терезесі пайда болады.

2.PIN тармағын таңдап, содан кейін v түймесін басыңыз. PIN қалқымалы терезесі пайда болады.

3.Қалқымалы терезедегі PIN кодын жазып алыңыз, содан кейін қосылу керек Wi-Fi Direct құрылғысындағы тиісті өріске енгізіңіз.

4.«Қосылу» қалқымалы терезесі, содан кейін «Қосылды» қалқымалы терезесі пайда болады. Ол жабылғанда, Wi-Fi Direct экранындағы тізімде құрылғыны қосылған ретінде көресіз.

ЕСКЕРТПЕЛЕР

\\ Wi-Fi Direct функциясын пайдаланғанда ағымдағы сымды немесе сымсыз желі қосылымы ажыратылады.

\\ Wi-fi Direct функциясы қолданылып жатқанда .TXT немесе

.DOC кеңейтімі бар файлдар сияқты мәтіндік файлдар көрсетілмейді.

30 Қазақша

Page 168
Image 168
Samsung BD-F6500/RU manual Wi-Fi құрылғысы арқылы, Ойнатқыш арқылы PBC көмегімен, Ойнатқыш арқылы PIN кодын пайдаланып