Параметрлер

Автоматты жаңарту

Ойнатқыш автоматты жаңарту режимінде болғанда жаңа жаңартылған бағдарламалық құралды жүктеп алатындай етіп «Автоматты жаңарту» функциясын орнатуға болады. Автоматты жаңарту режимінде ойнатқыш ажыратулы, ал Интернет қосылымы белсенді болады. Бұл ойнатқыш пайдаланылмаған кезде, жаңа бағдарламалық құралды автоматты түрде жүктеп алуға мүмкіндік береді.

1.▲▼ түймелерін басып Автоматты жаңарту тармағын таңдаңыз да, v түймесін басыңыз.

2.Қосу немесе Сөндіру тармағын таңдаңыз. Қосу тармағын таңдасаңыз, ойнатқыш «Автоматты жаңарту» режимінде болып, өшірулі тұрғанда ол бағдарламалық құрал жаңартуын автоматты түрде жүктейді. Жаңа бағдарламалық құрал жүктеліп алынса, ойнатқыш қосылғанда жаңартуды орнату қажеттілігі сұралады.

ЕСКЕРТПЕЛЕР

\\ «Автоматты жаңарту режимі» жаңарту функциясын пайдалану үшін ойнатқыш Интернетке қосылған болуы керек.

< USB арқылы >

1.Мына торапқа кіріңіз: www.samsung.com.

2.Беттің жоғарғы оң жағында SUPPORT түймесін басыңыз.

3.Іздеу өрісіне өнім үлгісінің нөмірін енгізіңіз. Үлгі нөмірін енгізгеннен кейін ашылмалы тізім үлгі нөміріне сәйкес өнімдерді көрсетеді.

4.Ашылмалы тізімдегі өнім үлгісінің нөмірін тінтуірдің сол жағымен басыңыз.

5.Ашылған бетте төмен қарай жылжып, Firmware Manuals & Downloads түймесін басыңыз.

6.Беттің ортасындағы Firmware түймесін басыңыз.

7.Беттің оң жағындағы «Файл бағанында» ZIP түймесін басыңыз.

8.Пайда болған бірінші қалқымалы терезеде Send түймесін басыңыз. Микробағдарлама файлын компьютерге жүктеу және сақтау үшін екінші қалқымалы терезеде OK түймесін басыңыз.

9.Қысылған файлды компьютерде шығарыңыз. Атауы zip файлымен бірдей қалта пайда болу керек.

10.Қалтаны USB флэш-жадына көшіріңіз.

11.Өнімге диск салынбағанын тексеріңіз де, USB флеш-дискісін өнімнің USB портына салыңыз.

12.Өнімнің мәзірінде Параметрлер > Қолдау > Бағдарламалық қамт-ды жаңарту тармағына өтіңіз.

13.Қазір жаңарту тармағын таңдаңыз.

14.Өнім бағдарламалық құралды USB дискісінен іздейді. Бағдарлама табылған жағдайда «Жаңартуды сұрау» қалқымалы терезесі пайда болады.

15.OK түймесін таңдаңыз. Өнім бағдарламалық құралды жаңартып, автоматты түрде өшеді де, қайта қосылады.

ЕСКЕРТПЕЛЕР

\\ USB ұясы арқылы бағдарламалық құралды жаңартқанда, ойнатқышқа диск салмау керек.

\\ Жүйені жаңарту үрдісі аяқталғанда, бағдарламалық құрал туралы толығырақ мәліметтерді «Samsung комп-на хабарласу» экранындағы «Өнім туралы ақпарат» бөлімінен қарап алыңыз.

\\ Жүйені жаңарту барысында ойнатқышты сөндіруге болмайды. Бұл ойнатқыш жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін.

\\ USB ұясын пайдалану арқылы бағдарламалық құралдарды жаңарту тек USB жад құрылғысымен ғана орындалуы тиіс.

32 Қазақша

Page 170
Image 170
Samsung BD-F6500/RU manual USB арқылы, Беттің жоғарғы оң жағында Support түймесін басыңыз, 32 Қазақша