Қосымша ақпарат

Ескертпелер

3D Баптаулары

Кейбір 3D дискілерінде 3D ойнатылымы барысында фильмді тоқтату үшін 5(ТОҚТАТУ) түймесін бір рет басыңыз. Фильм тоқтайды және 3D режимі опциясы ажыратылады.

3D фильмі ойнатылып жатқанда 3D опциясының таңдауын өзгерту үшін 5(ТОҚТАТУ) түймесін бір рет басыңыз. Басты экран мәзірі пайда болады. 5(ТОҚТАТУ) түймесін қайта басып, Blu-ray мәзірінен 3D параметрлері тармағын таңдаңыз.

Кескіннің мазмұнына және теледидар экранындағы орналасуына байланысты, сол жақта, оң жақта немесе екі жағында да қара жолақтар пайда болуы мүмкін.

ТД кадр пішімі

Диск түріне байланысты кейбір кадр пішімдерін қолдану мүмкін болмайды.

Теледидардың кадр пішімінен өзге болатын кез келген кадр пішімі мен параметр таңдалғанда сурет бұрмаланып көрінуі мүмкін.

16:9 Оригинал режимі таңдалса, теледидарда 4:3 Pillarbox (бейненің екі жағында қара жолақтар болады) пішімі көрсетілуі мүмкін.

 

BD Wise (тек Samsung ойнатқыштарында)

 

 

 

• BD Wise мүмкіндігі қосылып тұрғанда, Ажыратымдылық параметрі автоматты түрде BD Wise мәніне

 

орнатылып, Ажыратымдылық мәзірінде BD Wise тармағы пайда болады.

 

• Ойнатқыш BD Wise параметрін қолдамайтын құрылғыға жалғанған жағдайда, BD Wise функциясын

Параметрлер

қолдану мүмкін болмайды.

• BD Wise функциясы дұрыс жұмыс атқаруы үшін ойнатқыш пен теледидардың BD Wise опциясын

 

«Қосу» күйіне орнатыңыз.

Цифрлық шығыс

«Цифрлық шығыс» параметрін дұрыс таңдау керек, әйтпесе ешбір дыбыс шықпайды немесе өте қатты шығады.

HDMI құрылғысы (AV ресивер, теледидар) қысылған пішімдермен (Dolby Digital, DTS) үйлесімді болмаса, дыбыс сигналы PCM болып шығады.

Әдеттегі DVD дискілерінде BONUSVIEW дыбысы мен Жылжудың дыбыс әсерлері мүмкіндігі жоқ.

Кейбір Blu-ray дискілерінде BONUSVIEW дыбысы мен Жылжудың дыбыс әсерлері мүмкіндігі жоқ.

«Цифрлық шығыс» параметрлерін орнату теледидарға HDMI аудио шығысына әсер етпейді.

Ол ойнатқыш AV қабылдағышына жалғанған кезде, оптикалық және HDMI аудио шығысына әсер етеді.

MPEG дыбыс жолдары ойнатылғанда, сандық шығыс сигналының таңдалған түріне қарамастан (PCM немесе Битовый поток), дыбыстық сигнал PCM пішімінде беріледі.

PCM субдискретизация

PCM субдискретизация параметрі Өшіру күйінде болса да, кейбір дискілер тек субдискретизация жасалған дыбысты сандық оптикалық шығыстары арқылы шығарады.

HDMI

-- Теледидар қысылған көп арналы пішімдермен (Dolby Digital, DTS) үйлесімді болмаса, параметрлерді орнату мәзірінде «Битовый поток» (қайта кодталған немесе өңделмеген) параметрі таңдалған болса да, ойнатқыш 2 арналы төмендетілген PCM дыбысын шығарады.

-- Егер теледидар 48 кГц жоғары ИКМ дискретизация жиілігімен үйлесімді болмаса, ойнатқыш 48 кГц шығара алады.

07 Қосымша

Қазақша 61

Page 199
Image 199
Samsung BD-F6500/RU manual Қосымша ақпарат, Ескертпелер