Samsung BD-F6500/RU manual Сурет файлын қолдау, USB байланысына қатысты ескертпелер

Models: BD-F6500/RU

1 207
Download 207 pages 31.38 Kb
Page 150
Image 150

Жұмысты бастау

Сурет файлын қолдау

 

 

 

Файл кеңейтімі

Түрі

Ажыратымдылығы

*.jpg

JPEG

15360x8640

*.jpeg

 

 

*.png

PNG

4096x4096

*.bmp

BMP

4096x4096

*.mpo

MPO

15360x8640

USB байланысына қатысты ескертпелер

Ойнатқыш USB жад құрылғысын, MP3 ойнатқыштарын, сандық камераларды және USB картасын оқу құрылғыларын қолдайды.

Кейбір USB/сандық бейнекамера құрылғылары ойнатқышпен үйлесімді болмауы мүмкін.

Ойнатқыш FAT16, FAT32 және NTFS файл жүйелерін қолдайды.

USB құрылғыларын тікелей ойнатқыштың USB портына жалғаңыз. USB кабелі арқылы жалғау үйлесімділік мәселелерін туғызуы мүмкін.

Бірнеше ұялы карта оқу құрылғысына бірнеше жад құрылғысы жалғанса, карта оқу құрылғысы дұрыс істемеуі мүмкін.

Ойнатқыш PTP протоколын қолдамайды.

Жүктеліп жатқанда, USB құрылғысын ажыратпаңыз.

Бейне ажыратымдылығы неғұрлым үлкен болса, оның көрсетілуіне соғұрлым ұзақ уақыт кетеді.

Бұл ойнатқыш коммерциялық сайттардан жүктеп алынған DRM (сандық құқықтарды басқару) құқықтары бар MP3 файлдарын ойната алмайды.

Ойнатқыш 30 кадр/с (кадр жиілігі) жылдамдығынан аспайтын бейнелерді ғана қолдайды.

Ойнатқыш флеш-құрылғылар мен USB HDD құрылғылары сияқты USB ақпарат сақтау класындағы (MSC) құрылғыларды ғана қолдайды. (Хабқа қолдау көрсетілмейді.)

Кейбір USB HDD құрылғылары, бірнеше карта оқу құрылғылары және флеш-құрылғылар осы ойнатқышпен үйлесімді болмауы мүмкін.

Кейбір USB құрылғылар шамадан тыс қуат қажет етсе, олар тізбекті қорғау құралы тарапынан шектелуі мүмкін.

USB HDD құрылғысынан ойнату қалыпты болмаса, HDD құрылғысын розеткаға қосу арқылы қосымша қуат беріңіз.

Мәселе шешілмесе, USB HDD құрылғысының өндірушісіне хабарласыңыз.

SAMSUNG компаниясы кез келген деректер файлының зақымдалуына немесе деректердің жоғалуына жауапты емес.

Ойнатқыш NTSF қысылған, үздіксіз емес немесе шифрланған файлдарды қолдамайды.

-- USB құрылғысын компьютерде жөндеуге немесе пішімдеуге болады. (Тек MS-Windows амалдық жүйесі)

AVCHD (Күрделі бейне кодек – жоғары айқындық)

Бұл ойнатқыш AVCHD пішімді дискілерді ойната алады. Бұл дискілер әдетте бейнекамераларда жазылады және қолданылады.

AVCHD пішімі – айқындығы жоғары сандық бейне камера пішімі.

MPEG-4 AVC/H.264 пішімі әдеттегі сурет қысу пішіміне қарағанда суреттерді жақсырақ қысады.

Кейбір AVCHD дискілері «x.v.Color» пішімін қолданады. Бұл ойнатқыш «x.v.Color» пішімін пайдаланатын AVCHD дискілерін ойната алады.

«x.v.Color» – Sony корпорациясының сауда белгісі.

«AVCHD» және AVCHD логотипі – Matsushita Electronic Industrial Co., Ltd. және Sony корпорациясының сауда белгілері.

ЕСКЕРТПЕЛЕР

\\ Жазылу жағдайларына қарай кейбір AVCHD пішімді дискілер ойнатылмауы мүмкін.

AVCHD пішімді дискілерді пішімдеу керек.

\\ «x.v.Color» түс диапазоны қалыпты DVD камкордер дискілеріндегіге қарағанда кеңірек болады.

12 Қазақша

Page 150
Image 150
Samsung BD-F6500/RU Сурет файлын қолдау, USB байланысына қатысты ескертпелер, Avchd Күрделі бейне кодек жоғары айқындық