Мультимедианы ойнату

4.Қажет болса, ▲▼◄► түймешіктерін пайдаланып қалтаны таңдаңыз да, v түймесін басыңыз.

5.Қарайтын немесе ойнататын файлды таңдаңыз да, v түймесін басыңыз.

6.RETURN түймесін басып, қалтадан шығыңыз немесе EXIT түймесін басып, басты экранға оралыңыз.

7.USB құрылғысындағы бейнелерді, музыканы және суреттерді ойнатудың бақылау жолы түсіндірілген нұсқауларды көру үшін 37-44-беттерге өтіңіз.

2-әдіс

1.Ойнатқышты қосыңыз.

2.USB құрылғысын ойнатқыштың алдыңғы панеліндегі USB портына жалғаңыз.

3.Басты экранда Фот-тер, бейнелер және музыка тармағын таңдап, v түймесін басыңыз.

4.Қажетті Фотосурет-р, Бейнелер, Музыка немесе Барлық мазмұн тармағын таңдап, v түймесін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕЛЕР

\\ Ойнатқыш барлық мазмұн түрлері үшін қалталарды көрсеткенімен, ол тек 2-қадамда таңдалған мазмұн түріне жататын файлдарды көрсетеді. Мысалы, музыканы таңдаған болсаңыз, тек музыка файлдарын көре аласыз. Бұл таңдауды Фот-тер, бейнелер және музыка экранына қайта оралу және 4-қадамды қайталау арқылы өзгертуге болады.

5.◄► түймелерін пайдаланып қажетті құрылғыны таңдаңыз да, v түймесін басыңыз.

Мазмұндардың қалай реттелгеніне байланысты қалталарды, жеке файлдарды немесе екеуін де көресіз.

6.Қажет болса, ▲▼◄► түймешіктерін пайдаланып қалтаны таңдаңыз да, v түймесін басыңыз.

7.▲▼◄► түймешіктерін пайдаланып қарайтын немесе ойнататын файлды таңдаңыз да, v түймесін басыңыз.

8.RETURN түймесін басып, қалтадан шығыңыз немесе EXIT түймесін басып, басты экранға оралыңыз.

9.USB құрылғысындағы бейнелерді, музыканы және суреттерді ойнатудың бақылау жолы түсіндірілген нұсқауларды көру үшін 37-44-беттерге өтіңіз.

ЕСКЕРТПЕЛЕР

\\ USB құрылғысын ойнатып жатқанда дискіні салсаңыз, құрылғы режимі автоматты түрде «Диск» деп өзгереді.

Пайдаланушы жазған мазмұны бар дискіні ойнату

Blu-ray, DVD немесе ықшам дискілерге жазылған мультимедиа файлдарын ойнатуға болады.

1.Диск тартпасына пайдаланушы жазған дискіні суретін жоғары қаратып салыңыз да, тартпаны жабыңыз. Құрылғы қосылды қалқымалы терезесі пайда болады.

2.▲▼ түймешіктерін пайдаланып қарайтын немесе ойнататын мазмұн түрін таңдаңыз – Фотосурет-р, Бейнелер, Музыка немесе Барлық мазмұн – содан кейін v түймесін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕЛЕР

\\ Ойнатқыш барлық мазмұн түрлері үшін қалталарды көрсеткенімен, ол тек 2-қадамда таңдалған мазмұн түріне жататын файлдарды көрсетеді. Мысалы, музыканы таңдаған болсаңыз, тек музыка файлдарын көре аласыз. Бұл таңдауды Фот-тер, бейнелер және музыка экранына қайта оралу және 2-қадамды қайталау арқылы өзгертуге болады.

3.Экранда дискідегі мазмұндардың тізімі көрсетіледі. Мазмұндар қалай реттелгеніне байланысты, қалталарды, жекелеген файлдарды немесе екеуін де көресіз.

4.Қажет болса, ▲▼◄► түймешіктерін пайдаланып қалтаны таңдаңыз да, v түймесін басыңыз.

34 Қазақша

Page 172
Image 172
Samsung BD-F6500/RU manual Пайдаланушы жазған мазмұны бар дискіні ойнату, Ойнатқышты қосыңыз